Абоненттік нөмірді қайта тіркеу жауапкершілігі мен кепілі

Мен, осы нөмірдің нақты иесі екенімді растаймын; сондай-ақ жауапкершілік туралы, соның ішінде бөтен біреудің нөмірін заңсыз қайта тіркеуге және өз атыма тіркеуге қатысты жалған ақпарат ұсынғаным үшін жауапты болатыным туралы хабардармын.

Абоненттік нөмірді менің атыма заңсыз тіркелгені жөнінде үшінші тұлғалардан шағым түссе:

∙ “КаР-Тел” ЖШС шешімімен абоненттік нөмірдің бұғатталуына/тіркеуден шығарылуына/қайта тіркелуіне келісемін;

∙ “КаР-Тел” ЖШС-ның бірінші талабымен, Қызмет көрсету кеңсесіне келуге міндеттімін;

∙ Барлық шағымды дербес реттеуге, реттеу мүмкін болмаған жағдайда, ондай шағымды реттеуге қатысты барлық шығынды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, “КаР-Тел” ЖШС-ның сот шығындары мен кез келген материалдық талабын “КаР-Тел” ЖШС-не өтеуге міндеттімін;

∙ Абоненттік нөмірдің қайта тіркелуіне қатысты шағым түсірген тұлғаға дербес деректерімнің берілуіне келісемін.