Құрылғыларды тіркеуге жауапкершіліктер мен кепілдіктер

Мен көрсеткен абоненттік құрылғыны заңды негіздерде, заңнамада бекітілген негізде сатып алғанымды растаймын, сондай-ақ бөтен біреудің мүлкін заңсыз (заңға қайшы/жосықсыз) алғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы мәлімет алдым. 
Үшінші тұлғалардан абоненттік құрылғының атыма заңсыз тіркелуіне қатысты шағым түскен жағдайда:

•    «КаР-Тел» ЖШС-ның шешімімен абоненттік құрылғыны бұғаттауға/тіркеуден шығаруға келісемін;
•    «КаР-Тел» ЖШС-ның алғашқы талабы бойынша қызмет көрсету кеңсесіне келуге міндеттімін;
•    Барлық шағымды дербес реттуді міндетіме аламын, ал реттеу мүмкін болмаса, ондай шағымдарды реттеуге байланысты барлық шығынды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сот шығындарын және «КаР-Тел» ЖШС-ның кез келген материалдық төлемін өтеуді міндетіме аламын;
•    Абоненттік құрылғының тіркеуіне қатысты шағым түсірген тұлғаға дербес деректерімнің берілуіне келісемін.