Алексей Шаравар

Өзгерістер және ақпарат технологиялары директоры

Алексей Шаравар 1983 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген, Киевтегі Ұлттық Техникалық Университеттің шоғырландырылған технологиялар бағытын бітірген.

Қызмет жолын 2006 жылы Украинадағы ОНИКО сауда компаниясында сату және сервис бағытынан бастаған.

2007 - 2014 жылдары Дельта Банкте, Альфа-Банкте және банк пен телеком бағыттарындағы СКМ ірі қаржы-өнеркәсіп тобында жұмыс істеген, 2014 - 2017 жылдары VTB Банкте Страттегиялық жобалар директоры болған. Операцияның тиімділігіне, Lean Six Sigma мен шығындарды азайтуға, M&A және өнімдер стратегиясы мен оларды әзірлеуге қатысты бірқатар жобаны іске асырған.

Beeline-ға келгенге дейін 2 жыл Украинадағы қаржы сервистерінің ең ірі онлайн-платформасы Treeum компаниясында операциялар директоры болып қызмет атқарған. Компанияда жобаларды үйлестіруге, АТ платформаларын дамытуға, Agile өнімдерін жасауға және енгізуге жауапты болған.

Отбасылы, 2 ұлы бар. Бос уақытында жүгіреді және жүзеді.