Аслан Жусупов

Бас қаржы директоры


 

Аслан Жүсіпов 1981 жылы 22 тамызда Қостанай қаласында (Қостанай облысы, Қазақстан) дүниеге келген. Қазақ-түрік лицейін үздік бітіріп, Қаржы мамандығы бойынша Іскерлік Әкімгерлеу Магистрі (МВА) дәрежесін алған.

Өз еңбек жолын Аслан 2004 жылы «Делойт» компаниясында Аудит департаментінің маманы болып бастады. 2006 жылы аға аудитор болса, 2008 жылы – Аудит жөніндегі менеджер болды. 2011 жылғы ақпан мен 2013 жылғы ақпан аралығында Аслан «Altyntau Resources» АҚ-да Қаржылық бақылау және есеп беру департаментінің директоры қызметін атқарды. Содан соң ол, «Орион Минералс» Kazzinc Holdings ЖШС-іне Қаржы жөніндегі Атқарушы Директор қызметіне ауысты. 2014 жылғы мамыр мен 2016 жылғы шілде аралығында Аслан «2Day Telecom» ЖШС-інде - «Үйдегі Интернет» және «BeeTV» СБ – Қаржылық директор қызметін атқарды.

Аслан отбасылы, ұл өсіріп отыр. Футболмен, велосипед тебумен әуестенеді.