Дулат Оразалинов

Beeline Қазақстан компаниясының реттеуші және құқықтық мәселелер бойынша директоры


 

1964 жылы 10 қыркүйекте бұрынғы Семей облысының Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу электротехникалық байланыс институтын бітірген. 1993 жылы Мәскеулік байланыс және ақпарат техникалық университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін аяқтап, Техникалық ғылым кандидаты және зерттеуші инженер димпломын алды.

Еңбек жолын ҚазССР РУРТ-тың Ғылыми-өндірістік зертханасында инженер-электроншы болып бастады. Мемлекеттік қызметке келгенге дейін, 1993-1995 жылдар аралығында «БМД ltd» ЖШС-ның директоры болды. 1995 жылдан бастап, ҚР-дың Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген. 1998-1999 жылдарда «КаР-Тел» ЖШС-ның Директор-үйлестірушісі болды. 1999 жылдан бастап, мемлекеттік қызметін жалғастырған. ҚР-ның табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бөлім жетекшісінен, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Премьер-Министрдің кеңсесінде және ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2005 жылы шілдеде Дулат Оразалинов Beeline Қазақстан командасына қайта қосылып, бас директордың 1-орынбасары лауазымына тағайындалды. 2010 жылғы қыркүйектен бастап, Компанияның стратегиялық даму сұрақтары бойынша мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеудің бас сарапшысы болды. 2013 жылғы сәуірден бастап, Beeline Қазақстан компаниясының реттеуші және құқықтық мәселелер бойынша дирекциясына жетекшілік етті.

Мемлекеттік және салалық марапаттары  - «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Құрметті байланысшы» құрмет белгісі бар.

Белсенді демалыспен әуестенеді. Үш баланың әкесі