Евгений Настрадин

Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры


 

Евгений 1975 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. 1995 жылы Кременчуг азаматтық авиация ұшқыштар училищесін ұшқыш мамандығы бойынша бітірген, ары қарай Кировоград азаматтық авиация ұшқыштар училищесінде инженер-ұшқыш мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. 2014 жылы Одесса Ұлттық политехникалық университетінің Кәсіпорын экономикасы мамандығы дипломын алды.

Евегний өз еңбек жолын 1997 жылы Одесса қаласындағы «Japan Tobacco International» (JTI) ЖАҚ-да бастады.

2005 - 2008 жылдар аралығында "Астелит" ЖАҚ компаниясында (Украинадағы Turkcell филиалы) сатуды және дистрибуцияны жоспарлау дивизионының басшысы болып жұмыс істеді. 2008 - 2009 жылдары "БеСТ" ЖАҚ (Белоруссиядағы Turkcell филиалы) компаниясының Сату және қызмет көрсету бойынша директор болды. В2009 жылы «Вижн ТВ» (Viasat, Украина) ЖШҚ-ның коммерциялық директоры лауазымына шақырту алды. 2010 жылдан бастап Украинадағы ОТР Банкінде Басқарма мүшесі.

2013 - 2016 жылдар аралығында "Домашние деньги" ЖШҚ-ның коммерциялық директоры болды.

2016 жылы Қазақстандағы Beeline компаниясынан шақырту алды және Жалпы нарықты дамыту бойынша коммерциялық директор болып тағайындалды.

Евгений 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, екі баласы бар. Даивингпен, шаңғымен, ұшумен әуестенеді.