Басты бет / Біз туралы / Басшылық / Максим Цвыков

Максим Цвыков

Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директор

Біз клиенттерімізге Қазақстанның әрбір заманауи тұрғынының қажеттіліктеріне жауап беретін цифрлы өнімдердің өзекті қоржынын ұсынуға тырысамыз.

 

Максим VEON компаниялар тобына 2010 жылы қосылды, содан бері Қырғызстан мен Қазақстандағы операциялық компаниялар маркетингінің әртүрлі қырымен айналысты.
Beeline Қазақстандағы қызметінің алғашқы бағыттарының бірі клиенттердің өмірлік циклін басқару процесін құру болды. Нәтижесінде компаниядағы осы қызмет бағытын сәтті дамытудың берік іргетасы қаланды. Максимнің айтуынша, бүгін Beeline тұтынушыларының әрқайсына өнімдеріміздің тартымды, арнаулы ұсынысы бар. «Компанияның коммерциялық қызметі аясында менің жауапты аймағымды үнемі кеңейту - талдауды дамыту, басқару есебін беру және бизнестің тиімділігін басқару салаларында керемет нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді». Максим клиенттік тәжірибе стандарттарын жақсартуға көп көңіл бөлді. «Beeline қызметкерлері үшін «Клиентті жақсы көру» жай ғана ұран сөз емес», - дейді ол.

Маркетинг директоры ретінде (2019-2022) Максим командасымен бірге келесі іс-шаралармен тікелей байланысты болды: Beeline тұтынушылар саны, кірісі, брендтің танымдылығы және сипаттамалары бойынша нарық көшбасшысы, сондай-ақ ең көп ұсынылатын және жылдам дамып келе жатқан цифрлы оператор болды.

2022 жылы компания клиенттер үшін байланыс және мобильді интернет қызметтеріне, сонымен қатар меншікті цифрлы өнімдер портфолиосы: Simply необанкіне, BeeTV видеоағымы мен hitter музыка қосымшасына бірыңғай кіру нүктесі - «Суперкүштер» бірегей өнімін іске қосты.

Қазір компания инвестицияларды барынша тиімді бөлуге мүмкіндік беретін және үздік клиенттік тәжірибеге кепіл беретін машиналық оқыту құралдарын пайдалана отырып, желіні дамытудың бірегей тетігін қолданады.

Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары Қазақстандағы ең үздік креативті агенттікпен серіктестікте компания 20 марапатқа ие болды, оған қоса жергілікті және халықаралық маркетинг пен жарнама фестивальдерінде 15 рет шорт-параққа енді. Мысалы, Epica awards (Франция), Ad Black Sea (Грузия), White Square (Беларусь), Red Jolbors (Орталық Азия).

2023 жылы Максим Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директор лауазымына тағайындалды, енді ол финтех, медиа және ойын-сауық, гейминг, Big data негізіндегі өнімдер, бұлтты технологиялар, бұйымдар интернеті саларында бизнесті дамытуға, жаңа бизнес-мүмкіндіктерді іздеуге әрі іске асыруға жауапты.