BeeTV — сериалдар, фильмдер
және онлайн арналар


Megogo және Амедиатеканы BeeTV арқылы қараңыз

Қуана қараңыз

Amediateka сериалдары

Танымал сериялардың
700 маусымы

Фильмдер Megogo

7000 астам бейне

Жаңа және танымал фильмдер

Мультфильмдер және мультсериалдар

Сіз үшін таңдау

ТВ арналар

100-ден астам қазақстандық және шетелдік арналар

Спорттық премиум арналар

Не үшін Beetv

Трафик есептелмейді

Бір тәуліктегі телебағдарламалар архиві

Телеарнаны тоқтатып қоюға болады

Сұрақ-Жауап

Beeline мобильді байланысының абоненттеріне қызмет құны қанша?

Beeline-ның барлық абоненті қызметті 30 күнге дейін тегін сынап көре алады. 

«Ұтымды микс» және «Шексіз» тарифтік жоспарларының абоненттеріне қызметтің құны: 
 

  • ТV50-ге жазылу – 25 тг/күніне немесе 590 тг/айына/li>
  • ТV100-ге жазылу – 50 тг/ күніне немесе 1190 тг/ айына
  • MEGOGO жазылу – 25 тг/ күніне немесе 590 тг/ айына
  • ivi жазылу – 25 тг/ күніне немесе 590 тг/ айына
  • Amediatekaға жазылу – 30 тг/ күніне немесе 890 тг/ айына
  • Премиум Спортқа жазылу - 30 тг/ күніне немесе 890 тг/ айына
  • БҮКІЛ BeeTV-ге жазылу 99 тг тәулігіне, өздігінен ұзартылмайды

 

Басқа барлық абонентке:

 

Өзіңіздің тарифтік жоспарыңызды *166# пәрменімен тексеруге болады

  • ТV50-ге жазылыу – 30 тг/күніне немесе 690 тг/айына
  • ТV100-ге жазылу – 55 тг/күніне немесе1290 тг/айына
  • MEGOGO жазылу – 30 тг/күніне немесе 690 тг/айына
  • ivi жазылу – 30 тг/күніне немесе 690 тг/айына
  • Amediateka-ға жазылу – 30 тг/күніне немесе 890 тг/айына
  • Премиум Спортқа жазылу – 35 тг/күніне немесе 990 тг/айына
  • БҮКІЛ BeeTV-ге жазылу 99 тг тәулігіне, өздігінен ұзартылмайды

Бұл қалай жұмыс істейді?

Байқап көру мерзімі – бұл жазылған кезде қызметті 30 күнге дейін тегін ұсыну уақыты. Тегін мерзім аяқталған соң, қосылған қызмет үшін ақы алынады. Байқап көру уақыты тек бір рет беріледі. 
Егер байқап көру мерзімінде абонент Қызметті өшіріп тастаса, қолданылмай қалған күндер сақталмайды және аяқталды деп саналады. Қызметті қайта қосқанда, қосылған қызметтің ақысы қосылған күннен бастап алынады. 

ТV50-ге жазылғанда берілетін арналар 
ТV100-ге жазылғанда берілетін арналар 
TV60-қа жазылғанда берілетін арналар (тек Ұтымды Микс ТЖда) 

BeeTV қызметін www.beetv.kz сайтында немесе мобильді қосымшаның Жазылымдар бөлімінде өшіруге болады. Қосымшаны жойғанда, қызмет өздігінен өшпейді. 

Beeline мобильді абонентінің бір телефон нөміріне бір уақытта кез келген 2 құрылғыдан: смартфон, планшет немесе компьютерден кіру мүмкіндігі беріледі. 

Абоненттік төлем 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырлған соң, абоненттік төлем толық ұсталады. 

Жазылымдарыңызды, жазылымдар құрамын және олардың құнын BeeTV мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттің «Жазылымдар» бөлімінен немесе www.beetv.kz сайтынан білуге болады. 

BeeTV қызметіне тек ҚР аумағында қол жеткізуге болады.

Контент көрсетілімінің сапасына бірнеше параметр әсер етеді, олар: Интернет желісіне қосылудың қол жетімді жылдамдыығ, қосу әдісі, қолданыстағы қондырғының өндірімділігі, ағымдағы желілік қондырғының жылдам жұмыс істеуі және т.с.с. 
Оңтайлы көру үшін қосылу жылдамдығы ең кемі 2 МБ/с болғаны дұрыс. 

BeeTV қызметіне Beeline мобильді желісіндегі интернет арқылы, сондай-ақ кез келген оператордың немесе интернет-провайдердің желісінде, сонымен қатар кез келген Wi-Fi желісінде қол жеткізуге болады. Басқа оператордың немесе интернет-провайдердің интернет-трафигі үшін төленетін төлем оның шарттарына байланысты болады. 

Көру кезінде пайдаланылатын, Beeline желісіндегі интернет-трафик Beeline абоненттеріне тегін. Егер ұшқыр интернет- трафик лимиті бітіп қалса, «Bee TV» қызметі тоқтатылады.

Beeline абоненті болмасаңыз, тегін 12 арнаға қол жеткізе аласыз, BeeTV-дің басқа контентіне қол жеткізе алмайсыз. 
Интернет-трафик ақысы операторыңыздың шарттарына сай төленеді.

Телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну туралы жария шарты

13.12.2018 жылғы №18022428 лицензия негізінде әрекет ететін «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ары қарай – Оператор), осы шарттарға сай Қызметтерді қолдануды қалайтын тұлғаларға (ары қарай  – Абонент) телевизия хабарларын тарату қызметін ұсынады. Оператор мен Абонент осы шарттардың шеңберінде «Тараптар», ал жеке-жеке – «Тарап» деп аталады.

Телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну туралы осы жария шарт (ары қарай мәтін бойынша - Шарттар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 27.12.1994 жылы шыққан 395-бабына сай, жеке тұлғаларға арналған жария шарт – оферта (ары қарай - Оферта) болып табылады. Абоненттің өтініш жіберу арқылы Қызметті қосуға қатысты әрекеттерді жасауы (соның ішінде Қызмет ақысын төлеуі және оны қолдануы) Абоненттің осы Шарттармен келісетінін (қабылдайтынын) білдіреді және Абоненттің осы Шарттармен толық, әрі даусыз келісуі (Офертаны құптауы) ретінде саналады.

 

  1. Осы Шарттың мәні
    1. Осы шарттар бойынша Оператор Абонентке теле-, радио хабарларын тарату (ары қарай мәтін бойынша – Қызметтер) қызметтерін ұсынады, ал Абонент Қызмет нәтижесін қабылдауға және олардың ақысын төлеуге міндеттеледі.
    2. Осы шарттардың шеңберінде Оператор Абонент белгілеген/таңдаған теле-, радиоарналар топтамасын таратады, Абонент Оператор тағайындаған төлемді төлеп, Қызметті қосқан соң, оларды көре алады.
    3. Абонент Қызметтерді Сервиске жазылу және оны ұсыну ережелеріне сай қосады, әрі өшіреді. Абоненттерді қосу нұсқаулығы Beeline.kz сайтында жарияланған.
    4. Осы шарт белгісіз мерзімге жасалады.

 

 

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
    1. Абонент құқылы:
      1. Осы Шарттар бойынша Қызметтерді тиісті түрде және дәл уақытында алуға;
      2. Қызметтерді ұсынудың жаңа шарттарымен келіспеген жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзуға;
      3. тарифтік жоспарын Оператордың тізіміндегі тарифтік жоспарға ауыстыруға.
    2. Абонент міндетті:
      1. Осы Шартқа сай ұсынылған Қызметтердің ақысын төлеуге;
      2. Қызметтеррді қолдану барысында осы Шарттарды, сондай-ақ Оператордың ішкі актілерінде бектіліген басқа талаптарды, техникалық шарттарды, Қызметтерді қолдану ережелерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауға;
      3. Қызметтерді коммерциялық мақсаттарда қолданбауға, яғни оларды табыс табу мақсатында үшінші тұлғаларға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету үшін қолданбауға, сондай-ақ шоғырсым арқылы немесе басқа жолмен жұртшылыққа көрсетпеуге, жария түрде орындамауға, эфир арқылы жұртқа хабар таратпауға, соның ішінде жалпылама мәліметті жеткізбеуге;
      4. мәртебесінің, мекенжайының, байланыс деректерінің немесе Қызмет көрсетуде айтарлықтай маңызы бар басқа да мәліметтерінің өзгергені туралы, аталған өзгерістер орын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Операторға жазбаша түрде хабарлауға. Осы тармақ сақталмаса, барлық жауапкершілік Абонентке жүктеледі; 
      5. осы шарттардағы құқықтары мен міндеттерін Оператордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге;
      6. Оператор ұсынған Қызметтерді, сондай-ақ телекоммуникация желілерін және (немесе) қондырғыларын құқыққа қайшы мақсаттарда, соның ішінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян тигізу мақсатында қолданбауға;
      7. Оператор ұсынған телекоммуникация желілерін және (немесе) қондырғыларын телерадио хабарларын тарататын басқа операторлардың қызметтерін ұсыну мақсаттарында қолданбауға.
      8. Абонент Оператордан уақытша қолдану шартымен Қондырғы алса, Шарт бұзылған жағдайда, оны ақаусыз, жұмысқа жарамды күйде қайтаруға. Егер Абоненттің қондырғыны қайтаруға мүмкіндігі болмаса, Абонент оның толық құнын Операторға өтейді.
    3. Оператор құқылы:
      1. Қызметтерді тиісті түрде және дәл уақытында көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай, Абонент міндетті түрде сақтауы тиіс басқа да талаптарды, техникалық шарттарды, Қызметтерді қолдану ережелерін бекітуге;
      2. Абонент осы шарттардың ережелерін (соның ішінде осы шарттарда қарастырылған төлемдерді төлеу ережелерін), техникалық шарттарды және (немесе) талаптарды бұзған жағдайда, сертификатталмаған қондырғыларда қолданса, сондай-ақ профилактикалық және жоспарлы жұмыстар кезінде, апатты жағдайларда, я болмаса жеке және заңды тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян тию қаупі туындаса, Қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе шектеуге;
      3. Болжалды өзгеріс енгізілетін күннен 10 (он) күнтізбе күні бұрын, ал тарифтердің өзгерісіне қатысты болса, болжалды өзгеріс енгізілетін күннен 30 (отыз) күнтізбе күні бұрын Абонентке хабарлай отырып, Қызмет көрсету шарттарын біржақты тәртіппен тағайындауға және (немесе) өзгертуге (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: теле-, радио арналары тізімін өзгертуге, тарифтер мен төлемдер көлемін өзгертуге). Хабарлама Абонентке тиісті ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, Оператордың Интернет-ресурсында, төлем шоттарында және т.с.с. жариялау арқылы жеткізіледі. Осы тармақта қарастырылған тәртіппен тиісті ақпарат жарияланған сәттен бастап, тарифтердің өзгеретіні туралы Абонентке тиісті түрде хабарланды деп саналады
      4. Келесі жағдайларда Абонентпен осы Шартқа отырудан бас тартуға:
        1. Қызмет көрсету мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне, адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін болса;
        2. физикалық, топографиялық немесе басқа да табиғи кедергілердің салдарынан қызмет көрсету мүмкін болмаса немесе Абонент орналасқан жерде техникалық мүмкіндік болмаса;
        3. Абоненттің техникалық құралдары осы қондырғының техникалық талаптарына сай болмаса;
        4. Оператор лицензиясының жарамдылық мерзімі тоқтаса.
    4. Оператор міндетті:
      1. осы Шарттарға сай Қызметтерді Абонентке көрсетуге;
      2. Қызмет сапасы нашарлаған жағдайда (техникалық ақаулық және т.б.), ол туралы Абонент мәлімдеген сәттен бастап 48 (қырық сегіз) сағат ішінде туындаған ақаулықты жоюға. Ақаулықтарды жою кезіндегі Қызметтердің ақысы жалпы тәртіппен есептеледі;
      3. Қызметті қауіпсіз ұсынуды қамтамасыз ететін материалдарды (тетіктерді, құрылымдарды) және қондырғыларды қолдануға;
      4. 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын уақытқа профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстарын жүргізу қажет жағдайларды санамағанда, тәулік бойы Қызмет көрсетуге. Оператор профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстары жүретіні туралы профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстары басталатын сәттен 24 (жыирма төрт) сағат ерте уақыттан кешіктірмей Абонентке хабарлауға міндетті;
      5. осы Шарттарда қарастырылған мерзімде Қызмет көрсету шарттарының өзгергені және (немесе) профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, Оператордың Интернет-ресурсында және т.б. жолдармен Абонентке ақпарат беруге.

 

  1. Қызметтердің ақысын төлеу тәртібі
    1. Оператор Қызметтерді алдын ала төлеу негізінде көрсетеді.
    2. Оператор тарататын телеарналар топтамасының құны таңдалған тарифтік жоспарға сай есептеледі.
    3. Қызмет туралы толық ақпарат (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, жаңа тарифтік жоспарлар енгізілетіні және/немесе қолданыстағы тарифтік жоспарлар өзгеретіні туралы ақпарат) пен Қызмет көрсету шарттары Оператордың Интернет-ресурсында жарияланады.
  1. Тараптардың жауапкершілігі
    1. Телекоммуникация желілері мен қондырғылардың жағдайы үшін жауапкершілік оларға қызмет көрсету - бөлу шекарасымен (ғимарат, қоршалған территория және т.с.с.) және (немесе) балансқа қатыстылығымен анықаталады. Бөлу шекарасына дейінгі телекоммуникация желілері мен қондырғыларды Абонент дербес және өз есебінен күтіп ұстауы, ал бөлу шекарасынан тыс жерлерде Оператордың күшімен және құралдарымен жасалуы тиіс.
    2. Қызмет көрсету барысында Оператор келесілер үшін жауап бермейді:
      1. Қондырғыларды және (немесе) көрсетілетін Қызметтерді тиісті түрде қолданбау салдарынан болған кез келген зиян, айырылып қалған пайда, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тиген зиян үшін; 
      2. Қызметтерді ұйымдастыруға қатысатын үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін;
      3. Абоненттің Қызметтер арқылы алынған ақпаратты қолдануға қатысты тәуекелдері үшін;
      4. Уәкілетті органдардың уақытша тыйым салуы, электр жнергиясын беруді тоқтату, атмосфералық жағдайлар мен Оператордың еркінен тыс басқа да жағдайлар нәтижесінде туындаған Қызметтерді алу үзілісі үшін.
    3. Осы шарттарда қарастырылған жауапкершілік шаралары кінәлі тарапты осы шарттар бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындаудан босатпайды.
    4. Тараптардың осы шарттарда қарастырылмаған жауапкершілік шарттары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңнаманың ережелеріне сай қолданылады.

 

  1. Өзгерістер, Қызметтерді қосу және өшіру
    1. Абонент Қызметтерді Сервиске жазылу және оны ұсыну ережелеріне сай қосады, әрі өшіреді. Абоненттерді қосу нұсқаулығы Beeline.kz сайтында жарияланған.
    2. Осы шарттардың өзгеретіні немесе тоқтайтыны туралы Абонентке бұқаралық ақпарат құралдары, Серіктестің Интернет-ресурсы және т.т. арқылы, осы өзгеріс күшіне енуден 5 (бес) күнтізбе күні бұрын хабарланады. Тиісті хабарламада көрсетілген сәттен бастап осы Шарттар өзгерді немесе тоқтады деп саналады. Егер өзгерістер күшіне енген соң, Абонент осы Шарттардың өзгерісін қабылдаудан бас тартатынын осы Шарттардың өзгерісі жарияланған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбе күні ішінде Оператордың мекенжайына жібермесе, сондай-ақ жаңа шарттармен Қызметтерді қолдануды және (немесе) төлеуді жалғастыра берсе, мұндай өзгерістерді Абонент қабылдады деп саналады.
    3. Келесі жағдайларда Оператор соттан тыс біржақты тәртіппен Қызметті өшіре алады:

- Абонент Оператордың Қызметтерін/Қондырғыларын Оператордың қызметіне жағымсыз әсер ететін түрде қолданса немесе Қызметтерді басқа абоненттер қолданса, соның ішінде заңсыз немесе заңға қайшы қызметтерге қолданса;

-  Абонент Қызметтердің ақысын төлеу талаптарын бұзған жағдайда;

-  Осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда.

 

  1.    Қорытынды ережелер
    1. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер басқа тұлғаларға берілмейді, егер басқа жағдай Тараптардың қосымша жазбаша келісімінде айтылмаса.
    2. Осы Шартта қарастырылмаған барлық мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
    3. Осы Шарттың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтінінде айырмашылық анықталған жағдайда, осы Шарттың орыс тіліндегі мәтіні басымдыққа ие болады.

 

«КаР-Тел» ЖШС

IBAN: KZ719650000072233368

БСН: 980341000286

Банк: Алматы қаласындағы «ForteBank» АҚ Филиалы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010010, Нұр-Сұлтан қаласы, 

Алматы ауданы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 2-үй.