Басты бет / Науқандар

SIM-картаны ауыстырғанда бір айға берілетін шексіз LTE интернет

SIM-картаңыз LTE Интернетті ұстамай ма? Оны жаңа USIM картаға ауыстырыңыз да, Beeline-ның ұшқыр мобильді интернетін байқап көріңіз! Ал біз Сізге бір ай шексіз LTE-трафик сыйлаймыз!

Ескі SIM-картаны ауыстырудың өзіңізге ыңғайлы жолын таңдаңыз:

1. Жақын маңдағы Beeline-ның сату нүктесіне бару;
2. Немесе USIM-картаны сатып алып, телефонда пәрменді теру арқылы нөміріңді дербес тіркеу, толық ақпарат.

SIM картаны аустырған соң, *948*7# (тегін) пәрменін теріңіз және ай бойы шексіз LTE интернетпен рахатқа батыңыз!

Қосымша ақапарт:

  • Акцияға SIM-картаны USIM-картаға (LTE желісін қолдайтын) ауыстырған соң ғана қатысуға болады. SIM-картаңызды тексеру үшін *705# пәрменін теріңіз.  
  • Шексіз LTE интернетті қолдану үшін, құрылғыңыз LTE желісін қолдауы керек және Сіз LTE желісі таралған аймақта болуыңыз қажет. Құрылғыңыздың LTE желісін қолдау мүмкіндігін тексеру үшін, *705# пәрменін теріңіз.
  • Ескі SIM картаны жаңа USIM-ге ауыстыру құны 0 теңге.
  • Шексіз LTE интернет белсендірген сәттен бастап, бір ай әрекет етеді.

Науқанға SIM картаны жаңа USIM-ге ауыстырған кез келген Beeline абонентетері қатыса алады.

  • LTE желісі таралған аймақта құрылғы 2G, 3G желілеріне уақытша ауысып кетуі мүмкін, мұндай жағдайда интернет тарифтік жоспарыңыздың немесе қосылған мобильді интернет қызметінің шарттарына сай тарифтеледі.
  • 50 ГБ трафик шығындалған соң, интернет жылдамдығы 256 Кбит/сек-ке дейін баяулайды. "1 ай Шексіз LTE" қызметін өшіріп, жылдамдықты қалыпна келтіру пәрмені: *948*7*0#
  • Бұл ретте интернет тарифтік жоспарыңыздың немесе қосылған қызметтеріңіздің шарттарына сай тарифтеледі
  • Теңгерімде минус болса, акция әрекет етпейді.
  • Акцияға тек бір рет қатысуға болады.
  • Акция тек Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеді.
  • ҚР-дан тыс шыққан жағдайда, интернет роуминг қызметтері үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі.