Көп Шексіздік

Науқан аяқталды

«Көп» тарифтерін қосыңыз да, YouTube, Instagram, Twitch, TikTok,  Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber және Snapchat ресурстарына шексіз қосылудан ләззат алыңыз!

«Көп 1890», «Көп 2390», «Көп 2990», «Көп 3990», «Қалайсың бәрің!» және «Тағы көбейді» тарифтерінде тарифтің негізгі абоненттік төлемі төленсе YouTube, Instagram, Twitch, TikTok,  Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber және Snapchat мобильді қосымшаларына трафик интернет-топтамадан шығындалмайды.

YouTube, Instagram, Twitch, TikTok,  Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber және Snapchat ресурстарына шексіз трафик негізгі абоненттік төлем ұсталған жағдайда 2020 жылғы 15 қаңтар дейін беріледі. Шексіздіктер барлық клиентте орнықты, әрі жылдам жұмыс істеуі үшін,  видео ең жоғары жылдамдықта HD сапада (720p қоса алғанға дейін) ұсынылады. 

 

Назар аударыңыз!

 - ВКонтакте сервисі мен басқа әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: ішкі трафик, ол шексіз; және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннерлік жарнама, кіру санын санағыштар, сондай-ақ басқа сайттардың әлеуметтік желілер парақшаларында жарияланатын видеолары (Rutube, Vimeo т.с.с.). Мұндай трафик тарифтік жоспардың негізгі топтамасынан жұмсалады.

- YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі трафик – бұл сол видеоконтент; және аздаған сыртқы трафик - баннерлік жарнама, кіру санын санағыштар, техникалық трафик. YouTube-ке берілетін шексіз трафик ішкі трафикке, яғни видео көруге беріледі. Аздаған сыртқы трафик тарифтік жоспардың негізгі топтамасынан шығындалады, себебі ол техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде саналмайды.

Әлеуметтік желілерді шексіз пайдалану үшін, интернет-топтамада сыртқы трафикке арналған МБ-тар қалдығы болуы керек.

Сондай-ақ егер телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосулы болса және смартфон модем режимінде қолданылатын болса, әлеуметтік желілерге шексіз трафик берілмейді, ал трафик негізгі топтамадан жұмсалады.