Жолақыны мобильді теңгерімнен төлеу

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына күнделікті маңызды мәселелердің бірі – қоғамдық көліктегі жолақыны ыңғайлы және қарапайым жолмен төлеу мүмкіндігін ұсынамыз!

Жолақыны қалай төлеуге болады?

1. SMS көмегімен

  • ОҢАЙ терминалында көрсетілген алты санды кодты көріңіз;
  • 9909 қысқа нөміріне жібер.

2. USSD көмегімен

  • *202*1# пәрменін теріп;
  • ОҢАЙ терминалында көрсетілген алты санды кодты еңгізіңіз.

 

Теңгерімнен 80 теңге жолақы ұсталады, ал төлегеннен кейін келген SMS-ті жолақы түбіртегі ретінде кондукторға көрсетуге болады.

Шарттары:

  • Қызмет тек Алматы қаласындағы жолақыны төлеуге жарайды;
  • Теңгерімде ең кемі 81 теңге болуы керек;
  • Қызметті Beeline-ның алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіндегі клиенттер ғана пайдалана алады;

 

Код көрсетілген жапсырмаларды жұлып тастағанына немесе *202*1# пәрмені  арқылы төлегенде орын алған қателікке шағымданғыңыз келсе, келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 (727) 397 01 91

Қызметті ОҢАЙ төлем терминалы орнатылған барлық бағытта пайдалануға болады!