Жолақыны мобильді теңгерімнен төлеу

Жолақыны қалай төлеуге болады?

1. SMS-хабарлама арқылы:

    • Көлік коды бар SMS хабарламаны 2505 нөміріне жіберіңіз

    • Көлік коды автобус салонындағы жапсырмада

    • SMS жіберу тегін

    • Жауап ретінде электронды билет SMS түрінде келеді, оны қажет жағдайда контролерге көрсетуге болады

    • Теңгерімнен жолақыға 90 теңге ұсталады

2. QR-кодпен:

    • Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында көліктің QR-кодын сканерлеңіз

    • Көліктің QR-коды автобус салонындағы жапсырмада

    • QR-код сканері Менің Beeline-ым қосымшасының басты бетінде, жоғары жақта

    • Жауап ретінде электронды билет SMS түрінде келеді, оны қажет жағдайда контролерге көрсетуге болады

    • Теңгерімнен жолақыға 90 теңге ұсталады

 

Шарттары: Теңгерімде ең кемі 91 теңге болуы керек

Қызметті Beeline-ның аванстық есеп айырысу жүйесінің абоненттері ғана пайдалана алады.

Сервисті келесі бағыттарда пайдалануға болады № 1, 2, 11, 14, 17, 18, 30.