Жолақыны мобильді теңгерімнен төлеу

Жолақыны төлеу жолы

SMS көмегімен:

  • 2505 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жіберіңіз. Көлік коды автобустағы жапсырмаларда көрсетілген.

Теңгерімнен жолақыға 80 теңге ұсталады, ал жасалған операция туралы келген SMS хабарламаны төлем түбіртегі ретінде кондукторға көрсету керек..

QR-код арқылы төлеу

  • Автобус ішіндегі QR-кодты сканерлеп, жолақыны «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы төлеңіз;

Шарттары:

  • Қызмет тек Ақтөбе қаласындағы жолақыны төлеуге жарайды;
  • Қызметті Beeline-ның алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіндегі клиенттер ғана пайдалана алады;
  • Теңгерімде ең кемі 81 теңге болуы керек.

 

Код көрсетілген жапсырмаларды жұлып тастағанына шағымданғыңыз келсе, келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 777 000 2505.

Қызметті қолдануға болатын бағыттар тізімі:

1, 2, 5, 8, 8A, 11, 16, 17, 23, 32, 39, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 49A, 51, 52

Оператор өзгерістер/толықтырулар туралы тиісті ақпаратты 1 күн бұрын сайтта жариялай отырып, шарттарды өзгерте және/немесе толықтыра алады