Оплата проезда с помощью мобильного баланса

Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарына күнделікті маңызды мәселелердің бірі – қоғамдық көліктегі жолақыны ыңғайлы және қарапайым жолмен төлеу мүмкіндігін ұсынамыз!

Жолақыны төлеу жолы

SMS көмегімен

  • 2505 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жіберіңіз. Көлік коды автобустағы жапсырмаларда көрсетілген.

Теңгерімнен жолақыға 80 теңге ұсталады, ал төлеген соң келген SMS-ті жолақы түбіртегі ретінде кондукторға көрсетуге болады.

 

Шарттары:

  • Қызмет тек Орал қаласындағы жолақыны төлеуге жарайды;
  • Теңгерімде ең кемі 81 теңге болуы керек.
  • Қызметті Beeline-ның алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіндегі клиенттер ғана пайдалана алады;

 

Код көрсетілген жапсырмаларды жұлып тастағанына шағымданғыңыз келсе, келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 777 000 2505.

Оралдағы автобустар:

 5, 7, 20, 35, 39, 43

Оператор өзгерістер/толықтырулар туралы тиісті ақпаратты 1 күн бұрын сайтта жариялай отырып, шарттарды өзгерте және/немесе толықтыра алады