Басты бет / Жаңалықтар

Beeline абоненттері жаңа жыл түнінде 2,7 петабайт трафик қолданды

9 қаңтар 2020 ж., Нұр-Сұлтан қ. Клиенттер саны бойынша көш бастап тұрған Beeline компаниясы жаңа жыл түнін қорытындылады.

2019 жылғы 31 желтоқсан мен 2020 жылғы 1 қаңтар аралығында 2 822 терабайт трафик (2,75 петабайт) қолданылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Дауыстық қоңыраулардың ұзақтығы 2 558 350 минутқа өсіп, 194 849 932 минутқа жетті. Мәтінді хабарламалар саны 655 364-ке азайып, 1 627 584 хабарламаны құрады (былтырғы жыл көрсеткіші - 2 282 948 SMS).

Қорытынды туралы Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков: «Қазақстандағы мобильді интернеттің құны әлемдегі ең арзан бағалардың бірі. Сондықтан Beeline абоненттері оны еркін пайдалана алады. Бұл факт трафиктің жылдан жылға өсуіне әсер етуде. Оған, клиенттердің қазіргі қажеттілігіне қарай жасалған, көлемі үлкен трафигі бар және танымал әлеуметтік сервистер мен мессенджерлерге шексіз қосылуға мүмкіндік беретін тарифтеріміз де ыңғай беруде. Beeline компаниясының атынан бәріңізді жаңа жылмен құттықтаймын және жақындарыңызбен байланыстарыңыз үзілмесін деп тілеймін».

1 627 584 SMS «Евгений Онегин» романының мәтінін толық жіберуге жетер еді. Ал Beeline клиенттері Жаңа жыл қарсаңында қоңырау шалуға жұмсаған уақыт «Санта-Барбара» телехикаясын екі рет толық көріп шығуға жетеді.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz