Қазақстанда бизнес иелері Wi-Fi аймағын айыппұл тәуекелінсіз аша алады

20 қаңтар 2020 ж., Алматы қаласы.  Beeline Қазақстан корпоративті клиенттер үшін, ашық Wi-Fi аумағын ұйымдастыру қызметін іске қосты. Bee Wi-Fi сервисінің бизнес үшін бірқатар артықшылығы бар, олар - SMS-авторизация және бастапқы беттегі жарнама.

Ашық Wi-Fi аймағы бизнеске көптеген мүмкіндік ұсынады, бірақ заңнамалық шектеулер себебінен, сервисті ұйымдастыру біршама күрделі. Интернетке ашық қосылудың барлығы қатаң реттеледі. ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің бұйрығына енгізілген соңғы түзетулер бойынша, қоғамдық орындарда интернетке қосылуды ұсыну – қолданушылар SMS-авторизациядан өткен соң ғана мүмкін болады. Ережелерді айналып өтіп, яғни авторизациядан өтпейтін Wi-Fi аумақты ұйымдастыру, қауіпсіздіктің бұзылуына және қомақты айыппұлдарға алып келеді.

Енді Beeline Business корпоративті клиенттердің интернетке қосылатын ашық аумақты ұйымдастырудағы барлық уайымын жояды – қызмет Wi-Fi желісіне қосылар алдында SMS-авторизациядан өткізуге және бастапқы бетті жарнама алаңы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Одан бөлек, клиент көптеген мүмкіндікке қол жеткізеді, тауарлары мен қызметтерін ілгерілету үшін сауалнама өткізе алады және басқа да көптеген артықшылық бар.

«Wi-Fi желісіне ашық қосылу – клиенттер үшін ыңғайлы жағдай мен ниеттестіктің артуы ғана емес, сонымен қатар бизнес иелері үшін клиенттік базаны көбейтудің және тұтынушыларына жақын болудың бір мүмкіндігі. Мысалы, фитнес-орталығында Wi-Fi желісіне қосылғанда, қолданушыларға сауалнамадан өту ұсынылды, нәтижесінде мекемеде сервис жетіліп, қонаққа ең керек өнім ұсынуға жағдай туындады. Орталықтың қызметіне деген сұраныс 4%-ға артып, сауалнама жүйесі 863 жауап жинауға және жаңа бағдарламаларды енгізу туралы шешім қабылдауға көмектесті. Жаңа сервисіміз заңды бұзбай, қонақтардың пейіліне ие болуға және бизнестің табысын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.

Қосылуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда, бизнес иелері заң талаптарын сақтаумен қатар, Wi-Fi аумақты мақсатты аудиторияға маркетингті ықпал етудің мүмкіндігі ретінде пайдалана алады. Қонақ интернетке қосылу үшін келесі әрекеттердің бірін жасай алады: сілтеме арқылы сайтқа немесе әлеуметтік желілердегі параққа өту, авторизациядан өткен басты бетте ақпараттық хабарламамен немесе жүріп жатқан акциялармен таныса алады және пікір қалдырып, бөлісе алады. Осылайша, қажеттілікті оңай анықтап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға болады.

Beeline Business – бұл байланыс пен мобильді және тұрақты байланыстың кешенді шешімдерінің мультисервисті өткізушісі. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, сондай-ақ тағы басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, GPRS Corporate Access, SMS Клик, BeeTV, Mobile Device Management, IoT, Big Data тәрізді заманауи қызметтер жүзеге асырылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz