Басты бет / Жаңалықтар

«Жылы жүрек» қозғалысының еріктілері балаларды мектепке қажет тауарлармен қамтамасыз етті

16 қыркүйек 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. «Жылы жүрек» қозғалысының еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы отбасылардың балаларына Білім күніне орай, мектепке қажет тауарлар жиынтығын сыйлады. Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам бала сыйлыққа ие болды. Акция «Мектепке апарар жол» республикалық акциясының аясында өтті.

Beeline Қазақстан компаниясының корпоративті еріктілер қозғалысы он жылдан артық жұмыс істеп тұр, соның бес жылында белсенділер мұқтаж жандарға 1 қыркүйекте белсенді қолдау көрсетіп келеді.

«Білім – өмірді жақсы жағына өзгертудің ең негізгі жолдарының бірі. Сол себепті Beeline, білім алуға және беруге бағытталған жобаларды қолдайды. Еріктілердің балаларға көмек беруге атсалысуы әлеуметтік саясатымыздың маңызды бөлшегі. «Жылы жүрек» - еліміздің бүгіні мен ертеңіне салғырт қарамайтын жандардың қауымдастығы. Қазақстанның бизнес-қауымдастығын біздің еріктілерден үлгі алып, өз компанияларында осындай бастамаларды енгізуге шақырамыз», - деді Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь.

Beeline-ның корпоративтік еріктілер бағдарламасы 2008 жылы ашылып, содан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Еріктілер ұяшықтары компанияның барлық филиалында жұмыс істеп тұр. Компанияның 1000-астам қызметкері өз уақытын, тәжірибесі мен білімін сала отырып, еріктілер жобаларына белсене қатысуда. Көптеген акциялар «Жылы жүрек» бағдарламасының аясында тұрақты түрде өтіп тұрады. Еріктілер Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне және Білім күніне орай өткізілген қайырымдылық жобаларына жұмылдырылған, сонымен қатар Қазақстанның барлық аумағында ағаш отырғызуға, сенбіліктерге, әртүрлі әлеуметтік нысандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бұйымдарды жинауға атсалысуда.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz