Beeline-ның Big Вata мектебінің түлектері шетелде тағылымдамадан өтеді

20 қараша 2019 ж. Алматы. Beeline Қазақстан Big Data мектебіндегі алғашқы ағынның оқу қорытындысын шығарды. Оқудың бірінші жылында 20 студент тегін білім алды.

Мектептің негізін қалаған – компания мамандары, тәжірибелі бағдарлама жасаушылар мен Big data саласындағы менеджерлер. Студенттер Beeline сарапшыларының зерттемелері мен ең жаңа технологиялар негізіндегі бір айлық қарқынды курстан өтіп, тәжірибе сабақтарында тәжірибе жинады. Бағдарлама, барлық студент толыққанды маман болып шығатындай етіп жасалған. Емтихандар нәтижесі бойынша, ең ынталы, әрі үлгерімі жақсы студенттер анықталды. Үш түлек Билайн Ресейге екі апталық тағылымыдамаға барады, ол жақта олар білімін толықтырып, қызықты тәжірибе жинайды. Ең үздік студент Databricks конференциясына барады.

«Мектеп жобасы ойлағанымыздан асып түсті, студенттеріміздің қандай ынтамен оқығанын, белсене жұмыс істегенін және ерекше қызығушылығын көрдік. Оқушыларымыз диджитализацияның әлемдік трендіне қосылу, аса құнды білім алу мүмкіндіктеріне ие болды. Енді олар Beeline-ның немесе цифрлы экожүйені дамытуға белсене атсалысып жүрген кез келген компанияның ең қалаулы қызметкері. Үш студентті Ресейдегі Билайнда тағылымдамадан өткізуге келістік, біздің ойымызша, бұл өте тиімді, әрі пайдалы болмақ, студенттердің бірі өз еңбегі үшін ең жоғары марапат – қызықты Databricks конференциясына баруға лайық деп танылады. Түлектерімізге сәттілік тілейміз, биік мақсаттарға жете берсін, ерен еңбектері мен құштарлығы үшін оларға алғыс айтамын», - деді Beeline Қазақстанның Big Data директоры Екатерина Линкевич.

Beeline-ның Big Data мектебіне түсуге 15 жастан 50 жасқа дейінгі 1500 талапкер өтініш бергенін естеріңізге саламыз, олардың қатарынан 200 үміткер мултисынақтамалардың күрделі жүйесінен сәтті өтті. Сынақтама мен сұхбат қорытындысы бойынша, ең дарынды 20 студент тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Компания 2019 жылы Big Data негізіндегі бірнеше қызметті іске қосты. Бұл – банк секторына арналған скоринг және верификация қызметтері, олар ұялы байланыс қызметтерін қолдануға қатысты деректердің сараптамасы негізінде және банк клиенттерінің карталарындағы алаяқтық транзакцияларды азайтуға арналған Bank Notification негізінде, несие тарихынсыз-ақ клиенттердің қарыз алуына мүмкіндік береді. Оларға қоса, жақында таргетингтің арқасында клиентпен қатынастың тиімділігін 7 еседен артық көтеретін «Мобильді жарнама» өнімі ашылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz