Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу мүмкіндігі ашылды

15 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline қазақстандықтар үшін БЖТ-ны төлеу жолын мейлінше жеңілдетті. Ұялы байланыс операторының абоненттері төлемді «Менің Beeline-ым» қосымшасы және SMS-хабарлама арқылы төлей алады. 


Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе өнім сатып өткізетін жеке тұлғаларға арналған салық. Оның көлемі 2 651 теңге (1 АЕК) – қалаларда тұратын жеке тұлғаларға және 1 325 теңге (0,5 АЕК) – ауыл тұрғындарына. 
Төлеу үшін:
1.    «Менің Beeline-ым» қосымшасында «Төлемдер» бөліміне, содан соң «Басқа» қосымша бөліміне өтіп, Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) табу керек. 
2.    5505 нөміріне қала және ауыл тұрғындары сәйкесінше GORODESP ЖСН нөмірі немесе SELOESP ЖСН нөмірі мәтіні жазылған SMS жіберуі керек; 

Төлем аяқталған соң, 2020 нөмірінен SMS-чек келеді. Сондай-ақ қосымшаны қолданушылар төлемді төлем тарихынан тексере алады. БЖТ үшін комиссия ұсталмайды. SMS жіберу құны – 0 теңге. 


 «Қазір үйде отыру аса маңызды, клиенттеріміз төлемдерді және басқа қаржы операцияларын қашықтан жасай алуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған әрбір жан нақты ақша ұстамай және қоғамдық орындарда басқа адамдармен байланыспай, мобильді қаржы сервистері жүйесінің арқасында Бірыңғай жиынтық төлемді үйден төлей алады. Ол үшін Менің Beeline-ым қосымшасы орнатылған смартфон болса, болды», - деді Beeline Қазақстанның Цифрлы қаржы сервистер қызметінің директоры Сергей Головань.
ҚР Салық кодексінің 24-бөлім, 774-бабы бойынша, ЖК ретінде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын және келесі талаптарға сай жеке тұлғалар БЖТ төлеуші болып табылады: 
1.    Бірыңғай жиынтық төлемді төлеген; 
2.    Жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 
3.    Салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсететін және (немесе) салық агенті боып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана жеке шаруашылығының, акциздік өнімдерге жатпайтын ауыл шаруашылық өнімдерін сатып өткізетін жеке тұлғалар.  


Бұл ретте, БЖТ төлеушінің табыс көлемі жылына 1175 АЕК-тен аспауы керек. Сонымен қатар, 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алу үшін, жеке тұлға осы салық түрін төлеуі тиіс. 
Төлемдер мен БЖТ-ны растауға қатысты сұрақ туындаса, келесі нөмірлерге хабарласу керек: 
–    call-centre 1414; 
–    Телеграм-бот EgovKzBot2.0.


Beeline Қазақстан әлеуметтік төлем төлемейді, тек БЖТ үшін ақша аударады.
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz