В период самоизоляции клиенты Beeline могут заработать знаниями

8 сәуір 2020 ж., Алматы қаласы. Карантин және оқшаулау кезінде Beeline Қазақстан өз абоненттерінің ниеттестігін көтеру, сатуды ынталандыру және Beeline брендінің танымалдығын арттыру мақсатында InstaWIN интеллектуалды акциясына қатысып, ақшалай жүлде ұтуды ұсынады.

Қатысу ережелері: Ойында 10 сұрақ және әр сұраққа жауап беруге 15 секунд беріледі. Егер ойыншы барлық сұраққа дұрыс жауап берсе, 100 000 теңге ұтады. Сұрақтар екі түрлі болады:

1. Бірнеше жауап нұсқасы бар сұрақтар, мұнда ойыншы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауы тиіс;

2. Ойыншыға жауап нұсқаларын өсу немесе кему тәртібімен қойып шығу қажет болатын сұрақтар.

Бастама туралы Beeline Қазақстанның Қосымша қызметтерді басқару қызметінің жетекшісі Игорь Капралов: «Қазір бәріміз үйде отыруға мәжбүрміз. Осы уақытты пайдалы өткізіп, InstaWin өнімімен біліміңізді тексеруге және табыс табуыңызға болады. Көрсетілген уақыт ішінде 10 сұраққа дұрыс жауап беріңіз де, 100 мың теңге алыңыз. Тақырып пен сұрақтар деңгейі көптеген қолданушыға қызық болады. Уақытыңызды қызық әрі тиімді өткізіңіз!», - деді.

«Сәтті топтамалар» - 15 SMS пен 15 Мегабайт қызметін қосқан барлық жан InstaWIN өніміне қол жеткізе алады. Бір рет жазылу құны 69 теңге. Ойынға қатысу үшін *221# USSD пәрменін теру немесе 2221 қысқа нөміріне «ИӘ» сөзі жазылған SMS хабарлама жіберу керек, я болмаса insta.beeline.kz сайтында мобильді телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Интеллектуалды акцияға алдын ала төлем жүйесіне қосылған және «Сәтті топтамаларды» сатып алған барлық Beeline абоненті қосыла алады.

Beeline Қазақстан өткізетін барлық қызмет, акция, ұтыстар мен байқаулар компанияның ресми ресурстарында жарияланған. Толық ақпарат: www.beeline.kz

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz