2019 жылы Beeline-ның байланыс орталығы 5 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетті

11 наурыз 2020 жыл, Нұр-Сұлтан қаласы, Клиенттер саны бойынша көш бастап тұрған Beeline Қазақстан компаниясы байланыс орталығының былтырғы жұмысын қорытындылады.

Есепті жылы клиенттер сауалдарының 98,3%-ы бірінші желіде шешілді. Бұл ретте колл-орталығына хабарласқан клиенттердің қанағаттану деңгейі - 50,2%, цифрлы арналарда -  31%, әлеуметтік желілерде – 47%. Оператордың жауабын күтуге кеткен орташа уақыт – 81 секунд, ал колл-орталығы операторымен диалогқа клиенттің жұмсаған орташа уақыты – 2 минут 58 секунд.

2019 жылы колл-орталығына 5 088 783 қоңырау келген. Цифрлы арналардың көрсеткіші 1%-ға өсіп, 48 256 сауалды құрады. Әлеуметтік желілердегі көрсеткіш 13%-ға өсіп, 137 125 сауал болды.

Ең көп қойылған ТОП-5 сауал:

  1. Тарифтер;
  2. Шот есебі;
  3. Қызметтер;
  4. Интернет;
  5. Тіркеу.

Сауалдар жиі қойылған ТОП-5 әлеуметтік желі:

  1. ВКонтакте - 48,1%;
  2. Instagram - 28,7%;
  3. Facebook - 20,5%;
  4. Twitter - 2,5%;
  5. YouTube - 0,2%.

Жұмыс қорытындысы туралы Beeline Қазақстанның Клиенттік сервис жөніндегі директоры Ольга Червякова: «Beeline қызметін 10 миллион клиент пайдаланады. Біз, барлық қызмет көрсету арнасында, соның ішінде әлеуметтік желіде тәулік бойы жұмыс істейміз. Сондықтан клиенттеріміз еш қиындық көрмейді және хабарласқандардың жартысынан көбі қызмет көрсету деңгейіне қанағаттанған. Клиенттердің сауалдары – көп жағдайда қызмет сапасына айтылатын шағым емес, кеңес алу үшін болғанын түсіну керек».

Сұрақ туындаған жағдайда, кез келген клиент, қызмет көрсетудің өзіне ыңғайлы арнасы арқылы хабарласа алады, олар:

  • Beeline колл-орталығы, ұялы телефоннан 0611 нөміріне (мобильді байланысқа қатысты сұрақтармен), «Үйдегі интернет», «Ұтымды Микс» және «BeeTV» қызметтеріне қатысты сұрақтармен 3535 нөміріне қоңырау шалу;
  • beeline.kz сайтындағы виртуалды кеңесші «Дана»
  • Telegram бот Дана;
  • Әлеуметтік желілер: Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram, YouTube, Одноклассники.

Сондай-ақ Beeline клиенттері beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте және алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттері Android, iOS мобильді платформаларында қол жеткізе алатын «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында тарифтер мен қызметтерін басқарып, есепшот ала алады.

Немесе Beeline клиенттері жақын маңдағы сату және қызмет көрсету кеңсесіне барып жолықса болады. Мекенжайлар мен жұмыс уақыты beeline.kz сайтында жазылған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz