Енді Бірыңғай жиынтық төлемді Beeline теңгерімінен төлеуге болады

13 тамыз 2019 ж., Алматы қ. Beeline Қазақстан Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) телефон теңгерімінен төлеуге болатынын қуана хабарлайды.

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – бұл Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кәсіппен айналысып жүрген жеке тұлғалар үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген салық. Салық ай сайын төленеді.

Төлеу үшін келесі сайтқа өту керек: beemoney.beeline.kz, ЖСН-ді, телефон нөмірін, мерзімді енгізіп, «Ары қарай» пернесін басу қажет. Екінші қадамда төленуі тиіс сома жолы ашылады. Үтір арқылы бөліп, бірнеше кезеңге төлеу мүмкіндігі бар, мысалы: 01.2019,02.2019. Немесе сома мен төлем мақсатын және ЖСН көрсетілген SMS хабарламаны 2020 нөміріне жіберу арқылы төлеуге де болады. Мысалы, 2000 gorodesp XXXXXXXXXX. Төлем мақсатын латын немесе кирилл қарпімен орыс және қазақ тілінде көрсете аласыз: калаесп, gorodesp, городесп. SMS жіберу тегін. БЖТ-ны бірнеше ай бұрын да төлеуге болады, ең бастысы қай айға төлейтініңізді көрсетсеңіз болды.

«Beeline мобильді қаржы саласындағы қызметтер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді фрилансерлер салықты әпсәтте және мейлінше ыңғайлы жағдайда төлей алады. Кассаның кезегі мен жолдағы көлік тығынын ұмытыңыз. Төлеу үшін, сайтқа өтсеңіз немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта, кез келген жерден SMS жіберсеңіз болды», - деп Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин пікір білдірді.

Қызметті Beeline-ның алдын ала төлем жүйесіне қосылған абоненттер тек Қазақстан Республикасының аумағында пайдалана алады. Толық апарат сайтта: beeline.kz.

Теңгерімнен төлеу мүмкіндігі Wooppay төлем ұйымымен бірге жүзеге асырылды,

Wooppay — қазақстандық төлем ұйымы, қаржы және қаржылық емес кәсіпорындарға арналған төлемге қатысты технологиялық шешімдерді жасап, енгізуге маманданған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz