Басты бет / Жаңалықтар

Петропавл тұрғындары автобустарда жолақыны телефоннан төлей алады

14 тамыз 2019 ж., Алматы қ. Beeline Қазақстан Петропавл қаласының қоғамдық көліктерінде SMS және QR төлем ашылғанын хабарлайды.

Төлеу үшін, 2505 қысқа нөміріне салондағы жапсырмада көрсетілген көлік коды бар SMS жіберу керек. Немесе салондағы жапсырмадан QR-кодты Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында сканерлеу қажет. Жауап ретінде  SMS билет келеді, оны тиісті жеріңізге жеткенше сақтауыңыз керек.

Қызметтің ашылуы туралы Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин: «Қоғамдық көлікте жолақы төлеу – біз жетілдіруге, жеңілдетуге тырысып жатқан қала инфрақұрылымын дамытудың ажырамас бөлігі. Жолаушыға ұсақ ақша іздеудің, жүргізушіні алаңдатудың қажеті жоқ. Ол – Beeline абоненті болса жетеді. Теңгерімнен төлеу бір минутқа жетпейді, транзакцияys растаумен бірге электронды түбіртек келеді, қажет жағдайда оны контролерге көрсетуге болады».

Петропавлдағы SMS және QR-төлем әрекет ететін қалалық автобус бағыттарының тізімі: 2, 4А, 4T, 14, 25М. Келешекте бағыттар тізімі үлкейеді. Қызметті Beeline-ның алдын ала төлем жүйесіне қосылған абоненттер тек Қазақстан Республикасының аумағында пайдалана алады. Толық ақпарат сайтта: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz