Шымкент тұрғындары Beeline-ның 5G технологиясымен таныса алады

16 қазан 2019 ж., Шымкент қаласы. Шымкент тұрғындары 5G технологиясымен таныса алады. Арнайы көрнекілік аймақ 18 қазан күні Әл-Фараби алаңында ашылмақ, демалыс күндері сол жерге келіп көруге болады. Оның міндеті – жаңа буын байланысының телекоммуникациялық стандарттың артықшылығын көрсету ғана емес, байланыс қызметін қолданушылар үшін 5G өмірдің қандай салаларында пайдалы екенін түсіндіру.

«Қазір көптеген адам 5G технологиясын мәліметтерді жолдаудың жылдамдығы жоғары форматы – жаңа 4G деп түсінеді. Бірақ, бесінші буын желісінің қолданылу саласы интернеттегі серфингпен шектелмейді. Бірінші кезекте, 5G «ақылды» технологияны, өндірістегі цифрлы технологияны дамытуға және құрылғылар арасында ақпарат алмасуды жылдамдатуға қажет. Шымкенттегі паивльонымызға келген кез келген жан бұған көз жеткізе алады», - деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

Шымкенттегі көрнекілік аймақ – толыққанды 5G желісінде жұмыс істейтін, еліміздегі алғашқы аймақ. Beeline мен Nokia бірігіп, ауқымды сынақ өткізу үшін, қала территориясын желімен қамтамасыз етті. Соның нәтижесі бойынша, ұялы байланыс операторы елімізде технологияны дамытуға және оған қажет болуы мүмкін инвестицияға қатысты жоспарын жасайды.

Beeline-ның 5G демо-аймағы ораналасатын мекенжай:

әл-Фараби алаңы 3\1 (Shymkent Plaza ССО)

Жұмыс кестесі:

18 қазан, жұма: 15:00 – 20:00

19 қазан, сенбі: 10:00 – 20:00

20 қазан, жексенбі: 10:00 – 20:00

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz