Beeline клиенттері Apple Pay-ге қол жеткізе алады

16 қазан 2019 ж., Алматы қаласы, Beeline Қазақстан мен Альфа-Банк Қазақстан Beeline VISA картасының иелеріне Apple Pay іске қосылғанын хабарлайды.

Apple Pay – мобильді төлемдер саласын бүтіндей өзгертетін және жылдамдық пен жайлылықты ұсынатын, жеңіл, қауіпсіз, жеке төлем құралы. Apple компаниясының сервисі қосымшалар мен веб-сайттарда оп-оңай, саусақпен бір сипап, екі рет шертіп немесе Face ID арқылы операцияны растау үшін бір қарап қана заттарды сатып алуға мүмкіндік береді.

«Мобильді қаржы клиенттеріміздің өмірін біршама жеңілдетеді. Деректерді толтырмай төлеу – бәріміздің уақытымзды үнемдейді. Енді, Apple Pay пайда болған соң, Beeline VISA картасының барлық қолданушысы заттардың ақысын бұрынғыдан да жылдам төлей алады. Қазақстанда Apple ұсынған заманауи төлем жүйесін ұялы байланыс операторларының арасында бірінші болып іске қосқанымыз үшін Альфа-Банк пен VISA-ға алғысымды білдіремін»,  - деді Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин.

«Альфа-Банк Visa базасындағы карта иелеріне жанаспай мобильді төлеудің заманауи, әрі ыңғайлы жолы - Apple Pay-ді қуана ұсынады. Біз әмиянымызды үйде ұмытып кетуіміз мүмкін, бірақ смартфонсыз немесе сағатсыз үйден шықпасымыз анық. Сондықтан Apple Pay сервисі – затып сатып алудан өзіңді шектемеудің тамаша мүмкіндігі, себебі виртуалды төлем картасы әрдайым жаныңда болады», - деп «Альфа-банк» ЕБ АҚ-ның Бөлшек бизнес жөніндегі басқарушы директоры Иван Истомин пікір білдірді.

Apple Pay-ді баптау үшін клиенттер Beeline VISA Картасын Wallet қосымшасына қоса алады. Apple Pay iPhone 6 және одан жаңа үлгілерде, iPad Pro, iPad Air 2, iPad mini 3 құрылғыларында және олардың жаңа үлгілерінде жұмыс істейді. Сонымен қатар Apple Pay-ді 2012 жылдан бері шыққан, компьютерге орнатылған macOS Sierra жүйесі бар кез келген Мас-та Safari браузерінде қолдана аласыз, бұл орайда төлеміңізді өз iPhone 6 және одан жаңа үлгіңізде, немесе Apple Watch-тан тікелей, сондай-ақ жаңа MacBook Pro-ларда Touch ID-ді саусағыңызбен түрту арқылы растайсыз. Apple Pay туралы толық ақпаратты сайттан оқыңыз: apple.com

Beeline картасы төлемдер, аударымдар бойынша кез келген операцияны жүзеге асыруға, сондай-ақ ҚР-ның кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша алуға мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз. Картаға жыл бойы тегін қызмет көрсетіледі, сонымен қатар Beeline абоненттері келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді: 

  • Бүкіл әлемде кез келген сатып алу кезінде 1,5% әдепкі кэшбэк
  • Сыйақы – қалдыққа 6%
  • Қаражатты тегін аудару
  • Жасалған операциялар туралы SMS-ақпарат беретін тегін қызмет
  • Жанаспай төлеу технологиясы
  • Динамикалық 3D Secure коды бар қауіпсіз интернет-сауда
  • 20%-ға дейін көбейтілген кэшбэк беретін арнайы офферлер

Картаны алу үшін компания клиенттеріне жеке куәлігін алып, Beeline-ның кез келген сату және қызмет көрсету кеңсесіне келу жеткілікті. Карта туралы толық ақпаратты Beeline клиенттері 657 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле алады. Толық ақпарат: www.beelinecard.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz