Beeline клиенттері әлемдік БАҚ-қа тегін қосылады

24 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан pressa.beeline.kz сервисінде мерзімді баспалардың цифрландырылған нұсқаларына бір ай тегін қосылу мүмкіндігін ұсынды. 
Beeline Баспасөз – Esquire, GQ, NatGeo және басқа да әлемдік танымал баспалардың бір сервистегі жаңа сандары. Жазылуды ресімдеген кезде, қолданушы бес құрылғыдан 30 күн тегін қосылу, «Таңдаулыларда» жеке топтамаларын жасау мүмкіндіктерін және Beeline желісінде тарифтелмейтін трафик алады. Android құрылғылардың иелері Beeline Баспасөз мобильді қосымшасына қол жеткізе алады. 
Бастама туралы Beeline Қазақстанның Қосымша сервистерді басқару қызметінің жетекшісі Игорь Капралов: «Біз жалтыраған журналдарды, мерзімдік газеттерді, үйден шықпай-ақ цифрлы форматта оқуға мүмкіндік беретін «Beeline Баспасөзді» жаңарттық. Сол жерде әртүрлі тақырыптағы көптеген журналды, ана мен балаға арналған журналдарды, бизнес-баспаларды, автокөлік тақырыбындағы журналдырады және басқаларын таба аласыздар. Beeline сервистерімен уақытты үйде қызықты өткізіңіздер және өздеріңізді, жақындарыңызды сақтаңыздар». 
Жазылымды ресімдеу үшін, *674*2# нөміріне қоңырау шалу немесе 674 нөміріне «2» санын SMS-хабарламамен жіберу қажет. Сондай-ақ сервистің сайтында және мобильді қосымшада қосуға болады. 
Сервисті 18 жасқа толған, алдын ала төлем жүйесіндегі абоненттер кез келген тариф жоспарында қоса алады. Толық ақпарат: pressa.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz