Beeline клиенттері сыйлыққа 323 727 гигабайт интернет-трафик пен 182 000 минут алды

28 қаңтар 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы, Клиенттер саны бойынша көш бастап тұрған Beeline Қазақстан компаниясы «Ерекше жетілер» ойын акциясын қорытындылады. Оператордың мобильді қосымшасындағы ұтыс опциясы 8 миллион рет пайдаланылған. 


Қатысу үшін, клиенттерге «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатып, ойындар бөліміне өту және смартфонды сілку қажет болатын. Үш жеті саны түскен бақытты жан автоматты түрде жүлде иеленді. Бас жүлде – сары Apple iPhone 11 Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстандық клиенттерге бұйырды. 


Акция уақытында барлығы 95 000 жүлде ойнатылды. Жеңімпаздар жалпы саны 323 727 гигабайт интернет-трафик және дауыстық қоңырауға 182 000 минут алды. Қосымшаны 1 миллионнан астам клиент орнатса, ойынды бір қатысушы орта есеппен 23 рет ойнаған. 


Акция қорытындысы туралы Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков былай дейді: «Геймификация – аудиториямен диалог жүргізудің заманауи түрі. Акцияға клиенттеріміздің осынша қызығушылық танытқаны үшін қуаныштымыз. Былтыр күзде, біз, толық жаңартылған «Менің Beeline-ым» қосымшасын іске қостық. Қазір ол, өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған аса танымал, әрі ыңғайлы қосымша ғана емесе, сонымен қатар күн сайын тариф ұсынысын, компания өнімдеріне әртүрлі жеңілдік алудың тамаша әдісі. «Ерекше жетілер» акциясының тәжірибесі клиенттерімізге осындай ойын әдістерінің ұнайтынын көрсетті, біз жуырда оларды жаңа шешімдермен таңғалдыруды жалғастыра бермекпіз».   


«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасына алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіндегі барлық клиент Android және iOS мобильді платформаларында қол жеткізе алады. Қосымша тарифтерді, қызметтер мен жазылымдарды өз бетіңізше басқаруға, сондай-ақ төлем жасап, QR арқылы немесе Beeline теңгерімінен теңгерімге ақша аударуға мүмкіндік береді. 


Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz