Beeline-ның корпоративті жобасы еліміздегі үздік жоба

4 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Digithon Kazakhstan жобасымен қазақстандық «Ақ Мерген» сыйлығының лауреаты атанды. Марапат «Корпоративті коммуникациялар» номинациясы бойынша 2020 жылы 28 ақпанда Алматыда салтанатты түрде табыс етілді.

Digithon Kazakhstan – корпоративті 24 сағаттық хакатон, ол жылына бір рет өтіп тұрады. Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, мысалы, соңғы хакатонға Beeline-ның шамамен 70 қызметкері қатысты (қатысушылар, менторлар, жүргізушілер). Қатысушылар, берілген тақырып бойынша инновациялық өнім жасау үшін командаларға топтастырылады. Жобаның негізгі мақсаты - digital-мәдениет пен тартымды корпоративті ортаны құру, бұл орайда компания алған идеяларын енгізеді, оның әсері миллиондаған теңгемен өлшенеді.

«Digithon жобасы – тамаша селбесу. Қызметкерлер өз идеясын іске асыруға қажет мүмкіндік пен ресурсқа, ал компания – тиімді инновациялық идеялар мен мәдениетті көтеруге қажет шарттарға қол жеткізеді. Қызметкерлеріміздің ынтасы мен көшбасшылық қасиеттері бізді қуантады, ал жобаны ойын түрінде жүргізу – үдерісті жеңілдетіп, жылдам, әрі қызықты етті. Компаниямыздың және еліміздің шеңберінде корпоративті мәдениетті жетілдіру жолындағы еңбегімізді бағалағаны үшін «Ақ Мерген» қазылар алқасына рахмет», - деді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.

Қоғамдық байланысты дамыту саласындағы қазақстандық «Ақ Мерген» сыйлығы коммуникация саласындағы үздік жобалар мен ең жарқын қызметкерлерге жыл сайын беріледі. Жобаны ұйымдастырушы – ҚР Қоғаммен Байланыс жөніндегі Ұлттық Ассоциациясы.

Жеңімпаздарды «Ақ Мерген» сыйлығының сарапшылар кеңесі мен қазылары анықтайды, оның құрамына PR, маркетинг салаларындағы қазақстандық, ресейлік және халықаралық мамандар, бизнес басқарушылар, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және тағы басқалары кіреді.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі: «Корпоративті коммуникациялар», «Маркетингтік коммуникациялар», «Ішкі корпоративтік коммуникациялар», «КӘЖ», «Қайырымдылық», «Мемлекеттік, қоғамдық және әлеуметтік бағдарламларды ілгерілету» және «Digital коммуникациялар».

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,

PR@beeline.kz