Ақмола облысының 100 мыңға жуық тұрғыны 2019 жылы ұшқыр мобильді интернетке қол жеткізді.

22 қаңтар 2020 ж., Нұр-Сұлтан қ. 2019 жылы Beeline желісінің жетілдірілуі 4G стандартындағы интернет желісінің таралымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ақмола облысында деректерді жолдаудың жоғары жылдамдығына 92 931 тұрғын қол жеткізді.

Интернетке кең жолақты қосылу аудан орталықтары ғана емесе, сонымен қатар шағын ауылдарда да мүмкін болды. Байланыс негізінен, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы елді мекендерде түрлендірілді.

«Біз, желіні түрлендірудің аралық қорытындысын бөлісуді ұйғардық. Жоба қызу жүріп жатыр және 2020 жылы ары қарай жалғасады. Демек, Қазақстанның тағы да жүз мыңдаған тұрғыны ұшқыр интернетпен қамтылады. Beeline өңірлерде жақсы таралған. Клиенттеріміздің 4G стандартындағы интернетке белсенді ауысуы, біздің абоненттер саны бойынша көш басындағы орнымызды нығайтуға мүмкіндік береді», - деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталды. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700 қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz