СҚО, ШҚО және Қарағанды облыстарында мобильді интернеттің жылдамдығы артты

2 қазан 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қарағанды, Жезқазған, Петропавл, Өскемен және Зырян қалаларында мобильді интернеттің жылдамдығы артқанын хабарлайды. «Қазақтелеком» АҚ-мен келісім шеңберінде «КаР-Тел» ЖШС 800 МГц жиілігіндегі спектрдың қосымша жолағын қолдану құқына ие болды. Бұрын орнатылған базалық станциялардың қосымша жолағын белсендіру – қосымша қондырғы орнатпай-ақ желінің сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік берді, соның тікелей нәтижесінде, мәліметтерді жолдау жылдамдығы артты.

Жылдамдықтың жоғарылағанын Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы Beeline-ның 834 мың абоненті қазірдің өзінде сезе алады. Ұялы байланыс операторы желіні ауқымды түрлендіруді жалғастыруда және 2019 жылдың соңына дейін байланыс сапасы еліміздің басқа да өңірлерінде жоғарылайды.

«Желіні бірге қолдану туралы келісімнен КСелл шыққан соң, біз үлкен құрылысты бастадық. Желінің таралымы толықтай, әсіресе шарт шеңберінде серіктесіміз жауапты болған өңірлерде қайта қаралды. Біздің міндетіміз – желіні мейлінше жетілдіру. Біз оған көп қаражат бөлдік, ол әлемдік өндірушілердің ең жаңа қондырғыларын қолдана отырып, халықты заманауи байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

Жыл соңына дейін желінің сыйымдылығы Алматы мен Шымкентте сәйкесінше 3 және 4 есе өседі. Одан бөлек, халқының жалпы саны бір миллионды құрайтын тағы 107 елді мекеннің тұрғыны 4G желісіне қол жеткізеді.

LTE желісін түрлендіруден бөлек, Beeline Шымкентте сынақтық 5G желісін іске қосуға дайындалуда. Ол халыққа қазан айында ұсынылады. Сынақтық жобаның нәтижесіне қарай, ұялы байланыс операторы технологияны дамытуға және оны енгізу стратегиясына ары қарай инвестиция салуды жоспарлайды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz