ТЖ кезінде Beeline қызметкерлері қашықтан жұмыс істейді

17 наурыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. ТЖ кезінде Beeline қызметкерлері қашықтан жұмыс істейді. Қызмет көрсету орталықтары карантин кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет етеді. Байланыс операторы клиенттерді компанияға колл-орталығы, әлеуметтік желілер және «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы хабарласуға шақырады. Менеджерлер компанияның ресми аккаунттарындағы барлық онлайн-сауалды қарастырады.

«Әр қызметкердің денсаулығы – компания менеджменті үшін аса маңызды. Beeline шамамен үш жылдан бері қашықтан жұмыс істеу және қызметкерлердің икемді кестесі бағдарламасын жүргізіп келеді. Шын мәнінде, қазір бағдарлама шарттарын кеңейттік, енді қызметкерлер аптасына бір-екі күннің орнына өз міндеттерін кеңсеге келмей-ақ қашықтан атқара алады. Ең бастысы – бұл шара еңбекақыға әсер етпейді», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, Beeline іссапарларды мейлінше шектеді: шетелге баратын іссапарлар толық тоқтады, ал ел ішіндегі сапарлар компания қызметіне қажет ең төменгі деңгейге дейін шектелді. Компаниядағылар карантин шараларының клиенттік сервис деңгейін төмендетпейтініне сенімді.

BeeFlex – Beeline қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Қай жерде екені маңызды емес – ең бастысы байланыста болып, интернетке қосыла алса және міндеттерін орындай алса болды. 2017 жылы бағдарламаның сынақ жобасы Қазақстанның екі қаласында іске қосылып, 2018 жылғы мамырдан бері BeeFlex еліміздегі барлық бөлімшеде жұмыс істеп тұр.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz