Нархоз студенттері Beeline-ның даму бағдарламаларына қатыса алады

24 ақпан 2020 ж., Алматы қаласы. Digital Generation тағылымдама бағдарламасының кезекті қадамы шеңберінде Beeline Қазақстан мен Нархоз Университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Тараптар шәкіртақы бағдарламаларын енгізу, бірге зерттеу және зертханалар ашу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар дәрістерді және нарықтағы ең қажет салалар курстарын ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Beeline Қазақстан сарапшылары тәжірибелі оқытушы болады. Мұндай сценариймен студенттер ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі жұмысының ықтимал саласын оқу кезінде-ақ түсіне отырып, білім мен тәжірибе жинайды және өзінің маман ретіндегі бағасын көтереді.

«Кезесу мен меморандумға қол қою нәтижесінде көптеген идея мен ортақ мүдделеріміз пайда болғаныны қуаныштымыз. Осылайша, бизнес-бағдарламаларымыз бен әлеуметтік жобаларымыз керемет жалғасын тауып, дамиды. Біз жаңа идеяларға, жасақтамаларға ашықпыз, оларды қолдауға және іске асыруға әркез дайынбыз», - деді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.

«Beeline Қазақстанмен ұзақ уақыт жемісті жұмыс істеп келеміз. Мысалы, былтыр ІoT (бұйымдар интернеті) оқуы аясында жобаны іске асырдық. Нәтижесінде, топтағы бірнеше студенттен кері байланыс алдық: оқу мен осы саладағы тәжірибенің арқасында олар жұмыс берушілерден тиімді ұсыныстар алды, ал маман ретінде оларға деген нарықтағы сұраныс бірнеше есе артты», - деп «Нархоз Университеті» Акционерлік қоғамы Мәнсап орталығының басшысы Гайни Мұханова пікір білдірді.

Digital Generation тағылымдама бағдарламасы аса сәтті жоба бола отырып, нарықтағы нақты міндеттердің тәжірибесі ретінде студенттерге кәсіби дамудың, әртүрлі бос жұмыс орындарына маман дайындай алатын немесе өз кадрлық резервін толтыра алатын компанияларға  өзара тиімді нұсқаларды ұсынады.

Нархоз Университеті – Қазақстандағы экономика, бизнес, қаржы және құқық саласында білім беретін озық университет. Университет құрамына әртүрлі бағытта дайындайтын 4 мектеп, 8 ғылыми-зерттеу орталығы, ғылыми-танымдық департаменттер, Қазақстан өңірлеріндегі 5 өкілдік, сондай-ақ экономика колледжі кіреді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz