Тағылымдама бағдарламасы соңында студенттер Beeline-ға жұмысқа орналасты

25 қыркүйек 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан 2019 жылғы «Digital Generation» студенттік тағылымдама бағдарламасы аяқталғанын жариялайды.

Бағдарламаға Қазақстанның 17 ЖОО-сы, сондай-ақ белсенді, әрі бастамашыл жастармен жұмыс істейтін AIFC пен Enactus қоры тәрізді көпке танымал студенттік ұйымдар жұмылдырылды.

Еңбек жолын телеком саласында бастауға 430 студент ниет білдіріп, олардың 131-і сынақтамадан сәтті өтті. 36 студент биылғы тағылымдама бағдарламасына қатысып, олардың екеуі Beeline-дағы тиісті департаменттерде жұмыс істеуге шақырту алды. Басқалары компанияның кадрлық резервіне алынып, алдағы уақытта негізгі бөлімшелерден бос жұмыс орнына қызметкер іздеуге өтініш келіп түсетін болса, үміткер ретінде қарастырылады. 

«Стундеттерге арналған «Digital Generation» тағылымдама бағдарламасының сәтті өткеніне қуаныштымыз. Қазақстан нарығында жаңа бағыттарды белсенді түрде дамыта отырып, біз, жастардың дамуына және алдағы табысты қызмет сатысына жол ашамыз. Студенттер компанияның нақты жобаларында қазіргі заманның озық мамандықтарының білгірлерімен бірге жұмыста білім алып, тәжірибе жинады. Олардың бұл еңбегі еленбей қалған жоқ: Beeline қызметкерлердің компанияның дамуына қосқан уақыты мен еңбегін бағалайды. Сәйкесінше, тағылымгерлерде де кесімді еңбек ақы болды. Болашақта олар телеком саласындағы белсенді дамушы компанияда қызмет жолында өрлеудің мүмкіндігіне ие болады», - деп Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири пікір білдірді.

«Digital Generation» студенттік тағылымдама жобасы жыл сайын өтіп тұрады. Бағдарламаның ендігі басталуы мен студенттерді іріктеу 2020 жылдың басына жоспарлануда.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында.

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

 

***

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz