Beeline клиенттеріне видеоконференция трафигі тегін

20 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline видеоконференцияларға арналған танымал ресурстарға тегін қосылу мүмкіндігін ұсынды. «Жарқын» тариф қатарын қолданушыларда карантин кезінде Skype, Zoom және басқа алаңдарды қолдану трафигі тарифтелмейді. 

Бастама туралы Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков: «Жаңа шарттармен енгізілген бір айда адамдар жұмыста, білім алуда немесе жай ғана жақындармен байланысуда видеоконференциялардың қаншалықты ыңғайлы екеніне лайықты баға бере алды. Сөйлесудің жаңа форматын мейлінше көп адам шексіз қолдана алуы үшін, конференциялар трафигі ең өзекті тариф қатарының қолданушыларына карантин біткенше тегін болады. Байланыста болыңыз және сақтаныңыз!». 

Осылайша, 2020 жылғы 17 сәуірден бастап «Жарқын» тарифтерінде келесі видеоконференция сервистеріне шексіз қосылуға болады: Zoom.us, Microsoft Teams, Skype, Skype for Business, Cisco WebEx және BlueJeans. Амал-шартты «Жарқын» тарифтерінің жаңа және бұрыннан қосылған клиенттері топтама ақысын төлеген жағдайда пайдалана алады. Толық ақпарат мына жерде: https://bee.gg/e/kz4conference.

Бұған дейін, Beeline қашықтан оқуға арналған 287 ресурсқа тегін қосылу мүмкіндігін ашқанын естеріңізге саламыз, олардың қатарында білім беретін сайттар мен университеттердің ресми ресурстары бар. Сондай-ақ Қазнет домені бар барлық сайтқа мобильді байланыс пен үйдегі интернет абоненттері тегін қосыла алады. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz