Beeline-ның төрт клиенті миллионер болды.

16 қаңтар 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы, Beeline Қазақстан мобильді қаржы қызметін қолданушылар арасында өткен «Миллион коды» акциясын қорытындылады. Алматы, Ақтау, Семей қалалары мен Ақтөбе облысы, Қанды-Ағаш ауылының тұрғындары миллион теңгеден алды. Жеңімпаздар жолақы төлеп, теңгерімнен теңгерімге ақша аударған және ойын сервистеріне төлеген.

2019 жылы желтоқсанда абоннеттер Beeline Картасымен немесе телефонының мобильді теңгерімімен төлегенде, оларға транзакция нөмірі көрсетілген хабарлама келген. Транзакция нөмірі мобильді телефон нөмірінің соңғы цифрларымен бірдей болып шыққан нөмір иелері миллион ұтты: әлеуметтік желілердегі Beeline-ның ресми аккаунттарына ұтыс туралы жазған клиенттердің ішінде соңғы 3-6 цифры сәйкес келген операциялар ұтыс иеленді. Акцияның барлық ықтимал жеңімпазы міндетті түрде ішкі тексеруден өтті (абоненттер нөмірінің дұрыс тіркелгені, транзакциялардың түпнұсқалығы және т.с.с.).

«Beeline – Қазақстандағы телеком нарығында мобильді қаржы сервистерін дамытудың пионері. Осы күнге дейін осы саланың көшін бастап тұрмыз. МҚС қызметтерін 2019 жылы 1.2 миллионнан астам клиентіміз пайдаланған. «Миллион коды» акциясы оларға жаңа жылдық сыйлық болды, акция мерзімінде операциялар саны біз ойлаған мөлшерден 60%-ға асып түсті. Нәтижесінде, былтырғы желтоқсан айында 635 адам 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақшалай жүлде ұтса, 4 адам миллионер болды. Осы қуанышпен оларды құттықтаймын!», деді Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин.

Қазір Beeline мобильді қаржысы 500-ден астам қызметтің ақысын төлеуге, соның ішінде жеті қалада қоғамдық көлікте жолақы төлеуге, авиа және темір жол билеттерін сатып алуға, коммуналдық қызметтердің ақысын және т.с.с. төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ клиенттер ақша аудара алады және банкоматтар мен пошта бөлімшелерінен ақша ала алады. 2019 жылы қарашада Beeline VISA Картасының иелері Apple Pay-де жанаспай төлеу мүмкіндігіне ие болды.

Beeline-ның мобильді қаржы сервистері 2016 жылы 14 қаңтарда іске қосылды. 2017 жылы Қазақстанда телефон теңгерімі мен банк картасының теңгерімі біріктірілген VISA базасындағы алғашқы карта шықты. Бір жылдан кейін MasterCard базасында шықты. Қазір олар Beeline мобильді қаржы сервистері экожүйесінің алдыңғы қатарлы өнімдері.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz