Beeline теңгерімінен операциялар жасап, бірінші транзакция үшін 15% кэшбек алыңыз!

LCM арнайы ұсыныстың жүргізілу ережелері

1.    Жалпы шарттар:
1.1.     Өтетін мерзімі: 22 шілде - 22 қыркүйек 2020 жыл.
1.2.     Акция қатысушылары: Компания акция қатысушыларының тізімін дербес жасауға құқылы. 
1.3.     Бұл акцияға, Компаниядан SMS алған немесе бастаманың шарттары сипатталған хабарламаны «Менің Beeline-ым» қосымшасында алған Beeline абоненттері қатыса алады.   
1.4.     Акцияға қатысу үшін абонент, төлеуге болатын кез келген қызметке Beeline теңгерімінен төлеуі керек. Ондай қызметтер қоғамдық көліктегі жолақы, Play Market-те қосымшаларды сатып алу, теңгерімнен Қазақстандағы кез келген мобильді нөмірге ақша аудару немесе сілтемедегі тізімнің арасынан кез келген қызметке төлеу: https://bee.gg/payment
1.5.     Компания абоненттерге акцияның бонус алу үшін орындалуы тиіс қосымша шарттары туралы ақпарат береді.   

2.    Өткізу тәртібі:
2.1.     Абоненттер бонустарды, акцияның SMS-те/«Менің Beeline-ым» қосымшасындағы хабарламада көрсетілген шарттарын орындаған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде алады. 
2.2.     Алғашқы транзакцияны жасаған абонент, сатып алған жалпы сомасының 15%-ы көлеміндегі кэшбекті Beeline теңгеріміне алады. Кэшбектің ең көп сомасы – 200 теңге. 
2.3.     Акцияның басқа шарттарын орындағаны үшін абоненттер бонустарды мобильді байланыс бойынша, нақты айтқанда ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау соғуға арналған минуттар және интернет-трафик гигабайттары түрінде алады, олардың мерзімі шектеулі болады. 
2.4.    Қосымша бонустар – Компанияның тариф жоспарларына берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ серіктестердің промокодтары болуы мүмкін. 
2.5.     Компания бонустардың берілгенін абоненттерге SMS арқылы хабарлайды. 

3.    Қосымша шарттар:
3.1.     Компания акцияның шарттарын өзгертуге құқылы. 
3.2.    Акция туралы барлық ақпарат Компанияның сайтында жарияланған және оған сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://bee.gg/e/lcm15cb, https://bee.gg/e/lcm15cbkz.