Басты бет / Жаңалықтар

Beeline індет салдарымен күресуге 312 миллион теңге бөлді

10 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан төтенше жағдай кезінде елімізді қолдау үшін құрылған «Birgemiz»* қорына жарна аударды. 312 миллион теңге мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарлар мен медицина жабдықтарын сатып алуға бағытталады.Жарна «Верный капитал» компаниялар тобынан көмек шеңберінде аударылды.

«Beeline зейнеткерлер мен мүгедектерді тегін байланыспен қамтамасыз етті, барлық қазақстандыққа қазнетке, сондай-ақ негізгі білім ресурстарына шексіз қосылу мүмкіндігін ұсындық. 16000-нан астам дәрігер тегін аударылған минуттар мен гигабайттар топтамасын пайдалануда. Біздің компания төтенше жағдай жарияланған бірінші күннен бері, осы бір қиын-қыстау кезеңде отандастарымызды қолдау үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Республикалық қорға жарна аудару – көмекті байланыс қызметі түрінде емес, мұқтаж жандарды бірінші кезекте қажет тауарлармен атаулы қолдау түрінде көрсетудің қисынды жолы», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

«Қор Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыстық әкімшіліктердің ұсынуы бойынша азаматтардың 7 санатына көмек көрсетеді. Бұл – аз қамтылған көп балалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және халықтың әлеуметтік әлсіз тобы тізіміне кіретін жандар, жетім балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілгендер, сондай-ақ тыл еңбеккерлері. Одан бөлек, коронавируспен күресте індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлері де назарымызда. Қосқан үлесі мен қолдауы үшін Beeline компаниясына қордың атынан алғыс айтамын», - деді «Birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеев.

Бұған дейін Beeline Қазақстан карантин мен ТЖ кезінде қазақстандықтарды қолдау үшін, жеңілдігі бар сервистерді ұсыну арқылы, 1.3 миллиард теңгеге көмек көрсетіп, бірқатар іс-шараны атқарған болатын. Компания «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тарифін қолданатын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс берді. Тегін Beeline байланысын алған дәрігерлер саны 16000 адамнан асты. Сондай-ақ шетелде жүрген қазақстандықтар да байланыстың тегін топтамаларын алды. Одан бөлек, Beeline 286 әлеуметтік, ресми және білім беру сайттарына тегін қосылу мүмкіндігін беріп, «Үйдегі интернет TV» көрерменіне ТВ топтамаларын толық ашты. «Жарқын» тариф қатарының абоненттері Қазнетке тегін қосылу мүмкіндігін теңгеріміндегі қаражат жетпесе де пайдалана алады. Дәл осындай жеңілдік үйдегі интернеттің барлық қолданушысына да берілді.

*«Birgemiz» қоғамдық қоры 2020 жылы 20 наурызда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен, COVID-19 індеті кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек қолын созу үшін құрылған. Қордың Қамқоршылық Кеңесінің шешімімен еліміздің 23 қаласындағы 150 мыңнан астам мұқтаж жанға көмек көрсетіледі.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz