Басты бет / Жаңалықтар

Павлодар облысында 35 шақырым «ақылды» ауыл шаруашылығы аумағы ашылды

30 мамыр 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Павлодар облысында NBIoT сынақ аймағы сәтті ашылғанын хабарлайды. 35 шақырымға таралған ауданда ірі қараны қадағалауға болады. Жүрген жерінен бөлек, фермерлер жануарлардың жай-күйін, олардың мінезін қадағалай алады. 

Сиырлардың күйі мен жайылымын қадағалайтын ақылды тетіктерді сынау жобасы Павлодар облысындағы ең ірі шаруа қожалығында жүзеге асырылуда. Бұл – сүт және ет бағытындағы мал шаруашылғы фермасы. Жобаны Beeline қазақстандық серіктесі Digital Hub-пен бірге жүргізіп жатыр.

«Beeline фермерлерге мал жайылымы мен жағдайын қадағалайтын дайын шешім ұсынып отыр. Технология жануарлардың жүрген жерін қадағалап қана қоймай, ұрлықты мейлінше азайтады, сонымен қатар сүт фермаларының рентабельділігін орта есеппен 15%-ға арттырады. Бұл ретте, өніміміз бір жылға жетпей өзін өзі ақтайды. Шын мәнінде, бұл ультра-заманауи шешім, оған мал шаруашылығындағы ірі кәсіпорындар ғана емес, шағын шаруа қожалықтары да қол жеткізе алады», деп Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директор Рауан Қабдрахимов пікір білдірді.

Барлық тетік байланысқа NB-IoT стандартындағы 900 МГц жиілігінде шықты, бұл қарапайым GSM-ге қарағанда таралу сапасын арттырады. Жануарлардың қозғалысы мен тұрған жерлері туралы мәлімет жинақталып, мониторингтің ортақ платформасына жолданады. 

Қазір Beeline Қазақстан компаниясы NB-IoT базалық станцияларын Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Алматы және Қостанай облыстарында іске қосты. Ол ТКШ, ауыл шаруашылығы және «ақылды қалалардың» инфрақұрылымы салаларында қашықтан бақылау үшін таралған. Фермерлер, ауылды жерлерде жақсы таралғандықтан Beeline компаниясының мобильді байланысын пайдаланады.

Beeline Business – бұл байланыстың мультисервистік өткізушісі. Beeline Business әдепкі мобильді және тұрақты қызметтер тізімінен бөлек, көптеген digital-өнімдерді: мобильді қаржы, конвергентті қызметтер, мультимедиялық сервистер, соның ішінде ауқымды деректерді талдау қызметтері (Big Data), бұлтті SaaS шешімдер, бұйымдар интернеті, сондай-ақ Mobile Device Management (MDM) және E2E шешімдерін ұсынады.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz