Қазақстандықтар әлеуметтік төлемді мобильді телефон теңгеріміне ала алады

22 мамыр 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline электронды ақша сервистері «ҚазЕуроМобайл» және Wooppay-мен бірге әлеуметтік төлемді мобильді телефон теңгеріміне аударатын сынақ жобасын іске қосты. Өзара байланыстың осы бір алғашқы тәжірибесі - төтенше жағдай режимі кезіндегі табыстың жоғалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражатын аудару болды. Төлем мақұлданған, бірақ қаражатты басқа жолмен алуға мүмкіндігі жоқ жандар 42500 теңгені телефонының шотына ала алады. 

«Біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өзара түсіністік және ынтымақ туралы меморандум жасадық. – деп мәлімдеді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин. – Оның мақсаты – әлеуметтік-еңбек саласының міндеттерін шешу. 42500 теңгені телефон теңгеріміне төлеу сынақ жобасы болды. Осылайша, Beeline-ның мобильді қаржы сервистері қарапайымдығы мен қолданыста ыңғайлылығын көрсетті. Келешекте телефон теңгерімі әлеуметтік төлемнің, зейнетақы, жәрдемақы және мемлекеттік басқа да төлем түрлері болсын, кез келген түрін алудың сенімді құралы болмақ». 
Төлем мобильді телефонның шотына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан тексеруден өткен соң ғана түседі. Қаражаттың аударылғаны туралы хабарлама SMS түрінде келеді. 

«Төлемді аудару барысында, біз азаматтардың IBAN шоттан қателесетінін немесе кейьірінде оның жоқ екенін білдік. Үдерісті жеделдету және шот ашу мақсатында банктерге барудың алдын алу үшін, Beeline-мен бірге, 42500 теңгені телефон теңгеріміне аударуды ұйғардық. Алдағы уақытта төлемді алудың осы әдісіне басқа да жәрдемақы түрлерін аудару жоспары бар. Төлем алудың осындай жолы еуропа мен азияның бірқатар елінде көп уақыт бұрын сәтті жолға қойылған. Оның артықшылығы қаражатты банкоматтардан комиссиясыз оңай әрі ыңғайлы алу мүмкіндігінде», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқұшев. 

Beeline Картасы болса, соманы еліміздің кез келген банкоматынан алуға немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасының «Төлемдер» бөлімінде коммуналдық қызметтер мен басқа да қызмет түрлерінің ақысын төлеуге болады. Сондай-ақ қаражатты Halyk Bank банкоматтары мен Қазпошта бөлімшелерінен комиссиясыз алуға да болады. 
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған. Компанияның мобильді қаржы сервисін қолданушылар саны миллионнан асады. Қоғамдық көлікте жолақы төлеу, коммуналдық қызметтер мен басқа қызмет түрлерінің ақысын төлеу, сондай-ақ онлайн-сауда – Beeline абоненттерін қол жетімді артықшылықтардың бір бөліг ғана. МҚС өнімдері қатарындағы озық өнімдердің бірі – Beeline Картасы, ол – нақты ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы құралы. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz