Beeline ұсынған 4G желісіне аймақтардағы тұрғындар шексіз қосыла алады

7 ақпан 2020 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline 4G желісіне Қазақстанның 12 облысындағы елді мекеннің тұрғыны шексіз қосыла алады. Акциялық қызметті, қызметтер топтамасының құнына қарамастан, өзекті тарифтерде қосуға болады.

Жалпы алғанда, шексіз интернетке 65 қала мен елді мекенде қосылу мүмкіндігі бар. Акция,  Beeline жүргізіп жатқан желіні ауқымды түрлендірудің нәтижесі. Оның мақсаты – аймақтардағы тұрғындарға 4G желісінің артықшылығы мен мобильді интернеттің жоғары жылдамдығын көрсету. Шексіз қосылу мүмкіндігі жарты жыл бойы жалғасады.

«Beeline ауылды жерлерде ұшқыр интернет желісін белсенді салуда. Біз қондырғыларды жаңартып, желінің таралымын жақсартып жатырмыз. Осының бәрі шалғайдағы абоненттеріміз, ірі қалалардың тұрғындарымен салыстырғанда, көрсетілетін қызмет сапасында айырмашылық сезінбеуі үшін жасалуда. Beeline ірі елді мекендерден тыс жерлерде жақсы таралған және ұшқыр интернеттің шағын ауылдарға да жеткен факті, еліміздің цифрлануына компаниямыздың қосқан кезекті үлесі» -деді Beeline Қазақстанның Маркетинг директоры Максим Цвыков.

2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды жаңарту жобасы басталды. Ол желінің таралымын толық талдауды қарастырады. Соның арқасында салынған жаңа базалық станциялар қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, интернеттің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бірқатар нысандағы қондырғылардың жаңартылуы мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейіне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге мүмкіндік береді.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz