Beeline мен «Азбука связи» науқанды бастады!

Beeline Smart 7 смартфонының техникалық сипаттамалары:

  • Экраны – 4”
  • Операциялық жүйесі – Android Lollipop 5.1
  • Камера – 5.0 MP
  • Екі SIM-картаны қолдайды

Телефонға 6000 тг жеңілдік алу үшін, не істеу қажет:

«Бәрі Промо» тарифтік жоспарының абоненттік төлемін 4 айға алдын ала төлеу керек. Төлем сатып алу сәтінде жүзеге асырылады және ол 6000 теңгені құрайды.

Осы шарт орындалған жағдайда Сіз, смартфонға жеңілдік аласыз және Beeline желісінде шексіз қоңырау соғып, 200 SMS жолдау, ҚР-дағы басқа операторлардың абоненттік нөмірлеріне 200 минут қоңырау соғу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, оған қоса 15 ГБ интернет трафик аласыз!

 «Бәрі Промо» тарифтік жоспарының шарттары:

Тарифтік жоспар қосылған айда минуттар, интернет трафик және SMS-тер топтамалары ағымдағы айдың қалған күндеріне сай беріледі.

Ары қарай, Сізге ыңғайлы болуы үшін, топтамалардың берілуі және абоненттік төлемнің ұсталуы (5-айдан бастап) әр айдың бірінші жұлдызында, түнгі сағат он екі мен таңғы сағат үш аралығында жүзеге асырылады.

«Бәрі Промо» тарифтік жоспарын қоса отырып, Сіз бір айға 15 ГБ интернет-топтама аласыз. Топтамадағы 5 ГБ таңғы сағат жетіден түнгі бірге дейін, қалған 10 ГБ – түнгі бірден таңғы жетіге дейін әрекет етеді. Оған қоса Сіз, шексіз сөйлесу мүмкіндігіне және Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың абоненттерімен 200 минут сөйлесу мүмкіндігіне қол жеткізесіз.

Интернет-топтаманың, минуттардың және SMS-тердің қолданылмаған қалдығы әр күнтізбелік айдың 1-жұлдызында, сағат 00:00 – 03:00 аралығында жойылады.

Егер абоненттік төлемді ұстауға қаражатыңыз жетпейтін болса, желі ішінде шексіз қоңырау соғу мүмкіндігі, интернет-топтама және минуттар мен SMS-тер топтамасы берілмейді. Теңгеріміңізді жеткілікті сомаға толтырған соң, абоненттік төлем ұсталып, топтамалар толық көлемде беріледі. Топтамалардың қалдығын тексеру пәрмені *106#.

Назар аударыңыз! Теңгерімде минус болса, желі ішінде шексіз қоңырау соғу мүмкіндігі, интернет-топтама және минуттар мен SMS-тер топтамасы берілмейді.

Егер Сіз басқа тарифтік жоспарға ауыссаңыз, топтамалар жойылады және топтамалар құнының қалдығы қайтарылмайды.

Егер абоненттік төлемді ұстауға қаражатыңыз жетпейтін болса немесе Сіз айдың соңына жетпей топтамаларды шығындап тастасаңыз, қызметтер әдепкі тарифтелуге сай көрсетіледі, әдепкі тарифтелу бойынша:

  • Желі ішінде және ҚР-дағы басқа мобильді операторларға қоңырау соғу құны – минутына 11 теңге.
  • Желі ішінде және Altel нөмірлеріне SMS жолдау құны – 8 теңге.
  • Қазақстандағы басқа операторлардың нөмірлеріне SMS жолдау құны – 13 теңге 44 тиын
  • 1 мегабайт мобильді интернеттің құны – 8 теңге.
  • ҚР-дағы қалалық нөмірлерге қоңырау соғу құны – минутына 11 теңге.

Егер интернет-топтама келесі айдың 1-жұлдызына жетпей бітіп қалса, уайымдамаңыз, интернет-трафик біткен сайын, Сізге 200 МБ өздігінен беріледі, Бағасы 89 тг.

 «Интернет-топтаманы өздігінен толтыру» қызметінің сипаттамасы 

Интернет-топтамадағы трафик аяқталған сәтте, «Интернет-топтаманы өздігінен толтыру» қызметі қосылады;

Қызмет 89 теңгеге күндізгі-интернет топтаманы және тағы 89 теңгеге түнгі топтаманы толтыруға арналған 200 МБ береді;

Қызмет тарифтік жоспардың бір бөлшегі болып табылады және қаражатыңыз қызметтің құнын төлеуге жететін болса, өздігінен қосылады. Оған қоса, арнайы пәрмендерді теріп, қызметті қолдан өшіруге және қосуға болады, өшіру пәрмені - *360#, қосу пәрмені - *361#;

Қызмет бойынша берілген интернет-топтаманың қолданылмаған қалдығы келесі кезеңге көшірілмейді және тарифтік жоспардың абоненттік төлемі ұсталған күні жойылады;

Берілетін интернет-трафик айына 60 ГБ-пен шектелген – оның 30 ГБ-ты күндіз, тағы 30 ГБ-ты түнде беріледі, соның ішінде тарифтік жоспар бойынша берілетін негізгі көлем де бар.

Ерікті бұғаттаудың сипаттамасы

Ерікті бұғаттау қызметі абоненттік төлемнің ұсталымын қажетті уақыт кезеңіне бұғаттауға мүмкіндік береді;

Ерікті бұғаттауды бірінші қосу тегін, одан кейінгі әрбір қосу құны – 50 тг;

50 тг, қызметті қосқан сәтте ұсталады;

Ерікті бұғаттауды қосқан соң, желі ішінде шексіз қоңырау соғу мүмкіндігі мен абоненттік төлемнің ұсталымы бұғатталады. ҚР-дағы басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғу, SMS-хабарламалар және интернет-топтама ағымдағы айдың соңына дейін қолжетімді болып қала береді;

Ерікті бұғаттауды өшірген кезде, абоненттік төлем бұғаттау шешілген сәттен, айдың соңына дейін ұсталады. Ұсталым мен берілетін топтаманың көлемі ағымдағы айдың қалған күндеріне байланысты болады. Мысалы: бұғаттауды 22 қазанда өшірсеңіз, топтамалар мен абоненттік төлемнің көлемі 31 күннен қалған 10 күнге есептеледі (22.10 – 31.10 аралығына);

Алдыңғы берілген топтаманың қалдығы абоненттік төлем ұсталған соң жойылады;

Теңгерімде қаражат болған жағдайда, абоненттік төлем ұсталады;

Назар аударыңыз: қосылған күнтізбелік айында бұғаттау қайта өшірілсе, интернет-топтаманың, ҚР-дағы басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғуға арналған минуттардың және SMS-тің қалдығы болғанына қарамастан, абоненттік төлем қайта ұсталады;

Ерікті бұғаттауды *370# қосу/ *371# өшіру пәрмендері арқылы басқаруға болады.