«BeeTV Бәрі қосулы» бағасын арзандаттық!

2020 жылғы 11 маусымнан бастап барлық арнаға және Beeline-ның BeeTV мобильді телевизиясының фильм қорына жазылу құны айтарлықтай төмендеді! 

«BeeTV: бәрі қосулы» қызметіне біріктірілген рейтингі ең жоғары 100 ТВ-арна және 10 000-нан астам фильм мен телехикаяны енді айына 2990 теңге емес, 1990 теңгеге көруге болады. Бұл орайда, Beeline-ның «Жарқын» немесе «Көп» тариф жоспарына қосылған әрбір клиенті қызметті тегін байқап көре алады. Төлем тарифтің келесі абоненттік төлемінен кейін ғана есептеледі. 

«BeeTV: бәрі қосулы» қызметі контентті бірден екі құрылғыдан, мысалы, смартфон немесе планшеттен көруге, сондай-ақ видеоны тоқтатып қойып, сүйікті бағдарламалар архивіне оралуға мүмкіндік береді. 
Мобильді телевизияны қолданған кездегі интернет-трафик шығындалмайды. 

BeeTV-ді көру үшін, қосымшаны жүктеу немесе құрылғыға орнатылған қосымшаға немесе сайтқа кіру, я болмаса Beeline мобильді нөмірі арқылы авторизациядан өту керек. «BeeTV: бәрі қосулы» қызметі *373*1# қысқа пәрменін терген соң белсендіріледі. 

«BeeTV: бәрі қосулы» қызметін жаңа бағамен бұрынғы және жаңа көрермен көре алады. BeeTV-мен жайғасып отырып алыңыз: жалғасы бар...