Beeline ТВ топтамаларға «THT4», «THT Music» және «Пятница» телеарналарын қосты

27 қыркүйек 2019 ж., Алматы қаласы. Beeline Қазақстан компаниясы 2019 жылғы 25 қыркүйектен бастап BeeTV және «Үйдегі интернет TV» топтамаларында танымал «THT4», «THT Music» және «Пятница» телеарналарын көрсетуді бастады.

«THT4» телеарнасының эфирінде «ТНТ» жинағының әйгілі әзіл-қалжың шоулары - -«Comedy club», «Сomedy women», «Универ», «ЧOП» және басқа да ситкомдары көрсетіледі. «Пятница» - саяхат пен жаңа әсер тақырыбындағы танымдық телеарна, ол «Орел и решка», «Мир наизнанку», «Адская кухня» және басқа да рейтингі жоғары көптеген бағдарламаларды ұсынады. «THT Music» - ресейдің музыкалық-сауық телеарнасы, оның эфирінде ресейдің және шетелдің танымал музыкасы, бірегей шоулары және ойын-сауық бағдарламалары көрсетіледі.

«Көрермен қазір-ақ топтамалардағы арналардың жиынтығына баға бере алады. Біз қызықты контент құру үшін, жинағымызды үздіксіз молайтып отырамыз. Осы жолы көрерменімізге «ТНТ» жинағының рейтингі биік арналарын ұсынып отырмыз, бұл орайда топтамлардың құны бұрынғыдай қалды», - деді Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко.

Телеарналарды BeeTV қолданушылары «TV 100» топтамасында және «Ұтымды микс» тарифтік жоспарының сыйлықтық арналар топтамасында, ал «Үйдегі интернет TV» көрермені «TV100+» және «TV MAX HD» топтамаларында көре алады.

BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline абоненттерінің телевизия бағдарламаларын,  фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді интернет-трафикті шығындамай және жарнамасыз көру мүмкіндігі. BeeTV қызметінің артықшылықтары – әртүрлі құрылғыдан – компьютерден, смартфоннан және планшеттен қосылу мүмкіндігі, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері. Сонымен қатар көрермен үлкен экранда «Үйдегі интернет TV» қызметіне қол жеткізе алады, бұл – 158 арна, 3000-нан астам фильм мен телехикая. Сервис әйгілі 62 телеарнаның соңғы екі күндегі телебағдарламалар архивін, голливуд пен ресейдің үздік студияларының фильмдері мен мультфильмдерін HD сапада және жарнамасыз ұсынады.

Сервистер мен олардың құны туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыздар: https://www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz