Beeline Шымкентте желіні ауқымды түрлендіруді аяқтады

25 қараша 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан Шымкентте желіні ауқымды түрлендіруді аяқтады. 2019 жылы қалада желінің таралымы толықтай қайта қаралды. Базалық станциялар саны 444-тен 766-ға дейін жетті. Бұл – желінің сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар мобильді интернет жылдамдығын екі есе арттырды.

Ауқымды құрылыс Түркістан облысын да қамтыды. Жыл басынан бері Beeline мобильді интернеті осы өңірдегі 108 елді мекенде 3G стандартына пайда болса, 34 елді мекен 4G стандартымен қамтамасыз етілді.

«Бізге қосымша бөлінген жиіліктерді біріктірудің арқасында интернет жылдамығын арттырдық. Түрлендіруге ықпал еткен тағы бір фактор Beeline-ның КСеллмен желіні бірге қолдану туралы келісімінен шығуы болды. Бұған дейін бұл өңір серіктесіміздің иелігінде болған. Енді, Beeline Шымкент қаласы мен Түркістан облысында желіні дербес салып, оған қызмет көрсететін кезде, біз абоненттеріміздің мүддесін ескере отырып, желінің таралымын жақсарта аламыз», деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталған. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, интернеттің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымын толық талдауды қарастырады. Бірқатар нысанда қондырғыларды ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы алғашқы 5G сынақ желісі қазір қызмет етіп тұр. Ол Beeline мен NOKIA-ның ортақ еңбегінің жемісі. Сынақ 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Соның нәтижесі бойынша, ұялы байланыс операторы технологияға қажет инвестиция, Қазақстандағы 5G желісінің келешегі туралы қорытынды шығарып, 5G желісін жаппай енгізуге өз желісінің қаншалықты дайын екенін бағалайды.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700 қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz