Басты бет / Жаңалықтар

Beeline қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-кинотеатрға жазылу мүмкіндігін ашты

6 қараша 2019 ж., Нұр-Сұлтан. Beeline Қазақстан қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-кинотеатрға жазылу мүмкіндігін ашты. Рейтингі жоғары «QAZAQSHA» жазылымына көрермен BeeTV мобильді қомсымшасында қазірден бастап жазыла алады.

«QAZAQSHA» - қазақ тіліндегі алғашқы онлайн-кинотеатр. Видеотекадағы барлық фильмнің 90%-ы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып отыр. Аударған - дубляж жасаушы  кәсіби студиялар, әр фильмге төрттен алты дауысқа дейін жазылған. «QAZAQSHA» кинотеатры үлкен аудиторияға арналған, оған фильмдер мен телехикаялар, танымал ғылыми бағдарламалар мен ойын-сауық бағдарламалары және балаларға арналған көптеген контент кіреді. Қазір көрерменге шамамен 500 сағат немесе 200 контент ұсынылып отыр, ал ол ай сайын толтырылып отырады. Топтамаға  «Голодные игры», «Хатико», «1+1» тәрізді рейтингі ең жоғары таспалар енген.

Қазақ тіліндегі онлайн-кинотеатрдың құрылуы жайлы Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко былай пікір білдірді:

«Қазақ тіліндегі сапалы, әрі заңды контентке деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Қазақстандықтар рейтингі жоғары фильмдерді ана тілінде көргісі келсе, тіл үйреніп жүргендер ұнаған ісін пайдалы өткізуді қалайды. Жергілікті таспалармен қатар, шетелдің дубль жасалған фильмдері мен телехикаялары да жоғары сұраныста. Біз осы сұранысты сезіп, «QAZAQSHA» жазылымын жылдам іске қосуға асықтық, сол жерден көрермендеріміз сапалы аударылған фильмдер мен мультфильмдерді өзіне ыңғайлы жағдайда, жарнамасыз көре алады. Көргендеріңіз көңілдеріңізден шықсын!».

Бұған дейін Beeline Қазақстан BeeTV көрермені үшін ivi онлайн-кинотеатрына қосылу мүмкіндігі мен START (ресейдің танымал фильмдері мен телехикаялары) жазылымын ашып, осындай сервистер арасынан контент саны бойынша Қазақстанда бірінші орынға шықты.

BeeTV мобильді сервисі – бұл Beeline абоненттерінің интернет-трафикті шығындамай және жарнамасыз телевизия бағдарламаларын,  фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді көру мүмкіндігі. BeeTV контентінің  саны – 125 телеарна, 14 737 фильм, 4 674 телехикая. BeeTV қызметінің артықшылықтары – әртүрлі құрылғыдан – смартфоннан және планшеттен қосылу, сондай-ақ телеарналарды тоқтатып қою және соңғы тәуліктегі телебағдарламалар архивін көру мүмкіндіктері.

Қызметті www.beetv.kz сайтында және Android, iOS операциялық жүйелеріндегі мобильді қолданбамен тұтынуға болады. BeeTV-ді қосу үшін смартфонда сайтқа кіру керек немесе мобильді қолданбаны жүктеп, қарапайым тіркеуден өтіп, топтаманы таңдау және қосу өтінішін растау қажет.

Жазылым мен олардың құны туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыздар: https://www.beetv.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz