Beeline 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан елді мекенінің 74%-ына 4G интернет таратады

13 ақпан 2020 ж., Алматы қаласы Қазақстандықтардың ¾-і  2020 жылдың соңына дейін Beeline-ның 4G желісіне қосылу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Жаңа базалық станцияларды салу жоспары желіні ауқымды жаңғырту жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Жалпы алғанда жаңа 900 БС еліміздің барлық өңіріндегі 500 елді мекенде іске қосылмақ.

Beeline-ның ұшқыр мобильді интернетіне қазір халықтың 67,5%-ы қол жеткізе алады. Бүгінгі таңда 6143 базалық станция 4G стандартында жұмыс істеп тұр.

«Былтыр біз атқарған орасан зор құрылыс бірқатар қалада мобильді интернет жылдамдығын шамамен екі есе арттыруға мүмкіндік берді. Соның арқасында клиенттеріміз сапасы жоғары контентке қол жеткізіп отыр. Нәтижесінде, трафик тұтыну көлемі де өсті. Ірі қалалардағы «ақ нүктелерден» арылдық, енді 4G желісі аса қажет өңірлерге көңіл бөле аламыз, себебі интернетте ойын-сауық контентінен бөлек, еліміздің кез келген нүктесінде үйден шықпай-ақ қашықтан оқу, тіпті жұмыс істеу мүмкіндіктері бар ғой», деп Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков пікір білдірді.

Beeline-ның желілік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бағыты – ауылдарды кең жолақты қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Қазақстан телеком нарығының қатысушылары меморандумға қол қойды, меморандум бойынша, олар халық саны 250-ден асатын елді мекендерді 4G желісімен бірге қамтамасыз етуі тиіс. Жоба 2020 жылы жүзеге асырыла бастайды.

Қазақстанның ірі үш қаласында желі толық жаңартылды, олар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент, бұл қалаларда сыйымдылық сәйкесінше 87%, 185% және 268%-ға кеңейді. Бұған, желіні бірге салу туралы КСеллмен келісімнен шығып, өз базалық станцияларымызды салудың арқасында қол жеткіздік. Желінің таралымы қайта қаралды, енді ол Beeline клиенттерінің қажеттілігіне толық сай келеді.

Ұялы байланыс операторы 2019 жылдың тағы бір маңызды қорытындысы ретінде, елімізде алғашқы 5G сынақ желісінің іске қосылуын атап отыр. Сынақ Шымкентте өтті, мұнда байланыстың бесінші буыны шамамен 13  шаршы шақырымға таралды. Сынақ кезінде, әр базалық станцияда ең жоғары жылдамдық 3 Гбит\с болды.

5G желісін коммерциялық қолданысқа енгізу экономиканы, өнеркәсіпті, қалаларды цифрландыру үшін қажет. Сынақ жобасы барысында жеке тұлғалар тарапынан да, бизнес өкілдері тарапынан да 5G технологиясына қызығушылық жоғары болды.

Болжам бойынша, технологияны құру кезінде бас тапсырыс беруші корпоративті сектор, бірінші кезекте, Бұйымдар интернеті тәрізді қызметке мүдделі аса ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болмақ.

5G технологиясына салынатын қомақты инвестицияны ескере отырып, Beeline Республиканың барлық операторын 5G желісін бірге енгізуге шақырды, бұл – желіні салу шығыны мен уақытын қысқартып қана қоймай, сонымен қатар жеке және корпоративті клиенттерге қол жетімді 5G-құрылғылар мен шешімдер экожүйесін жылдам қалыптастырады.

Технологияны дамытудың маңызды шарты – барлық байланыс провайдерінің жиіліктер мен инфрақұрылымға тең қол жеткізуі, ал саланың реттелуі, бір жабдықтаушының тұтынушыларын әдейі нашар жағдайға қалдырмай, қызметтің барлық тұтынушысы үшін тең сапалы сервис алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz