Beeline операторлардың арасында бірінші болып медиа жарнама қызметін TV Медиамен бірге іске қосты

24 желтоқсан 2019 ж., Алматы қ.  Beeline қазақстандық байланыс операторларының ішінде бірінші болып машиналық интеллект негізіндегі медиа жарнама сервисін клиенттерге ұсынды. Бұл, Қазақстанның жарнама нарығындағы жетекші ойыншы - TV Media компаниясымен бірге жұмыс істеу негізінде мүмкін болды.

Бұрын Beeline корпоративті клиенттерге «Мобильді жарнама» қызметін ұсынған. Ол - тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін Big Data-ны қолдану болатын. Қазір 400-ден астам өлшемшарт бойынша жіктелген аудитория айқын жасалған және арнайы іріктелген ұсыныстарды алады.

«TV Media – медиа жарнамадағы ең беделді және ең маңызды ойыншылардың бірі, онымен стратегиялық серіктестік – бізге, деректерді басқару платформасы бар цифрлы маркетингте қазақстандық операторлардың ішінде бірінші болуымызға мүмкіндік береді. Серіктесіміз жарнаманы орналастырудағы эксперттік тәжірибесін бізбен бөліседі, біз деректерді жинау және өңдеу саласындағы инновациялық білімімізді ұсынамыз – одан клиенттер де, жарнаманың соңғы тұтынушылары да ұтады. Олар мазасы қашпай, спам алмай, өзіне қызық ақпаратты ғана алады», - деді  Beeline Қазақстанның Big Data директоры Екатерина Линкевич.

TV Media-мен біріккен соң, деректерді басқарудың заманауи платформасы (DMP) цифрлы жарнаманы орналастыруға мүмкіндік береді (Программатик DMP KZ). Клиенттер машиналық алгоритмдермен тиімді есептелген жарнама ұсынысын алады. Өзекті өлшемшарттар қатарында жынысы мен жасына қарай ғана іріктеу емес, сонымен қатар тұтынушылардың әуестігі мен дағдысынан және т.с.с. алынған, нақты тауарлар мен қызметтерге деген қызығушылықтары да бар. Соның нәтижесінде, жарнаманы кездейсоқ қолданушыға көрсету толық тоқтады. Өнімдер мен қызметтер туралы ақпаратты енді тек ықтимал сатып алушылар ғана көреді.

Beeline Business – бұл байланыс пен мобильді және тұрақты байланыстың кешенді шешімдерінің мультисервистік өткізушісі. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, сондай-ақ тағы басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, Business Link (FMCN), Beeline Business Box, GPRS Corporate Access, Beeline Навигатор, SMS Клик, Mobile Device Management тәрізді заманауи қызметтер жүзеге асырылды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz