Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Enactus 2019 әлемдік кубогына қолдау көрсетті

30 қыркүйек 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан қазақстандық команданың ENACTUS WORLD CUP 2019 студенттер кәсіпкерлігі мен бизнес-инновацияларының әлем чемпионатына қатысуына қолдау көрсетті. Чемпионат Калифорния штатындағы Кремний алқабының астанасы Сан-Хосе қаласында өтті.

Enactus әлем кубогына 6 мың студент қатысып, дүние жүзінің 37 елінен қазіргі және болашақ бизнес-көшбасшылардан, стартапшылар мен кәсіпкерлерден құралған 100 000 онлайн-бақылаушы болды.

Қазақстанның атынан ENACTUS 2019 байқауының ұлттық чемпионы – М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің командасы қатысты.

Бұған дейін ENACTUS WORLD CUP әртүрлі уақытта Лондон, Барселона, Торонто, Париж, Нью-Йорк, Сингапур, Берлин, Куала-Лумпур, Лос-Анджелес, Пекин, Йоханнесбург қалаларында өткен. Әлемдік озық біріншілікке төрелік етуге KPMG, Google, Microsoft, Facebook және басқа да әйгілі халықаралық компаниялардың жетекшілері жиналады. Биыл қазылар құрамында Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири болды.

«550-ден астам халықаралық корпорация Enactus-тың серіктесі, олар осы бағдарламаның дамуына демеу көрсетеді, - дейді Тахмина Кодири – Жастардың кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдысын жетілдіру бағытындағы осы бағдарламаның маңыздылығын түсіне отырып, біздің компания үшінші жыл Қазақстандағы Enactus-тың дамуына қолдау көрсетіп келеді. Біз осы жоба аясында цифрлы бизнес-жобалардың арнаулы байқауын өткіземіз және оның нәтижесіне көңіліміз толады: digital тақырыбы қазір аса өзекті болып келеді, студенттердің мықты стартаптарына көмектескеніміз үшін қуанышытымыз».

«Жыл сайын өтетін әлем біріншілігі - бизнес пен инновация саласындағы өте күрделі сайыс. Beeline Қазақстан компаниясына алғысымыз шексіз, ол командаларымыздың назарын жаңашылдыққа және цифрлы құралдарды қолдануға бағыттады, бұл - өте маңызды және аса бағалы. Қазақстан командасы биыл жеңімпаздар қатарына қосыла алмады, бірақ ең бастысы, белсенді түрде дамуға және АҚШ, Канада, Қытай, Германия және басқа да елдердің студенттерімен тең дәрежелі бәсекелес болуға ынта пайда болды», - деп ENACTUS Қазақстанның Президенті Альбина Ержанова пікір білдірді.

 

Студенттер кәсіпкерлігінің әлем чемпионатында Мысырлық Enactus Cairo University командасы жеңіске жетті. Оған $ 50,000 USD жүлде табыс етілді.

Естеріңізге саламыз, былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша, Қазақстанның 50 ЖОО-ның студенті 111 жобаны жүзеге асырып, 1000-нан астам адамды жұмыспен қамтыды. Жобалық қызметтер шеңберінде студенттер шағын бизнестің дамуына үлес қосып қана қоймай, өздері де кәсіпорын ашуда.

******

Enactus – халықаралық бейкоммерциялық ірі ұйым, ол студенттерді, бизнес жетекшілерді, университеттерді біріктіреді. Enactus командалары халықтың өмір деңгейі мен сапасын жақсартуға арналған жобаларды әзірлейді және іске асырады. Нақты, әрі өлшемді нәтиже беретін жобалар ғана сәтті деп танылады. Бұл ретте студенттер өз жобаларын жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибе жинайды. Жобалардың көлемі мен санын, олардың бағыты мен жүзеге асырылу уақытын командалар өздері анықтайды. Enactus жобалары табыс әкелетін коммерциялық, сондай-ақ әлеуметтік болуы мүмкін. Әр команданың жұмысын тәлімгер-ұстаздар үйлестіріп, бизнес-кеңесшілер әр командаға кеңес береді. Enactus командаларының үздік жобалары аймақтық, ұлттық және халықаралық тұрақты байқаулар жүйесі арқылы анықталады. Командалар өз жобаларын, негізінен жергілікті және халықаралық компаниялардың жетекшілерінен тұратын қазылар алқасына ұсынады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша өтетін Enactus ұлттық чемпионатының жеңімпаздары Enactus World Cup әлемдік кубогында бас қосады. Enactus бағдарламасы Қазақстанда 1995 жылы басталған.

******

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz