Beeline сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік компаниялар мен бизнеске көмек ұсынды

31 қазан 2019 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс форум аяқталды.  Кездесуді Beeline мен Refinitiv ұйымдастырды. Форумның мақсаты – бизнес қауымдастықтың, мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың өкілдерімен комплаенс-бағдарламаларды құру және корпоративті мәдениетті дамыту тәжірибесін бөлісу. Форумға спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Адалдық департаменті, Самұрық-Энергоның, Бәйтерек ҰБК-ның және Eurasian Resource Group-тың Компаленс қызметтері шақырылды. 

Қазір Beeline реттеуші және сыбайлас жемқорлық қатерлеріне қарсы іс-қимыл саласындағы дайындалған компаниялардың бірі. Beeline-да корпоративті мәдениетті арттыруға бағытталған бірқатар іс-шара әзірленген, барлық деңгейдегі қызметкерлер арасындағы өзара байланыс мейлінше ашық, ал ықтимал сыбайлас жемқорлық факторы мұқият зерттеліп, талданады.

«Біз іскерлік әдеп пен комплаенстың жоғары стандарттары қалыптасқан ұйым құру жолындамыз. Бұл – Beeline Қазақстан құрамына кіретін Veon Тобының барлық компаниясына жүктелген міндет. Бедел – маңызды фактор, әсіресе телекоммуникация тәрізді, бизнестің маңызды, әрі клиентке бағытталған саласында. Осындай деңгейдегі жауапкершілікті барлық серіктесімізден күтеміз, сондықтан сыбайлас жемқорлықтың барлық белгісіне және Іскерлік әдеп кодексінің бұзылуына төзбейтін корпоративті мәдениетті енгізудегі тәжірибемізді қуана бөлісеміз. Veon мен Beeline таза бизнес жүргізудің мүмкін екендігінің үлгісі бола алады, оған қоса, Қазақстанда және басқа елдерде дамудың жаңа көкжиегін көрсетеді», - деді Beeline Қазақстанның Әдеп және комплаенс қызметінің жетекшісі Айпара Әдібай.

Beeline-ның Корпоративті компаленс бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен шектелмейді. Бұл – топ-менеджмент пен қызметкерлер арасында ашық, әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға және оны қолдауға, Компания ішінде ортақ ақпарат кеңістігін құруға, Beeline құндылықтарын ілгерілетуге, командалық рухты нығайтуға, қызметкерлердің, клиенттер мен бизнес-серіктестердің ниеттестігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың экожүйесі.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz