Beeline карантин кезінде ұжымды қолдауға онлайн-психологтарды, тәлімгерлер мен кеңесшілерді жұмылдырды

23 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Корпоративті рухты сақтау үшін, Beeline-да 200-ден астам бастама жүзеге асырылды. Тренингтер, шеберлік сабақтары, сондай-ақ арнаулы қолдау топтары компанияның ұжымда оң психологиялық көңіл күйді сақтауына және ТЖ әрі карантин кезінде қызметкерлерге уақытында ақпарат беруді қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді.  

Beeline-да корпоративті әлеуметтік желі арқылы сөйлесу форматы сәтті жүзеге асырылуда. Сол жерде компания жаңалықтары тұрақты түрде жарияланып отырады, сондай-ақ барлық қызметкер мен басшылар арасындағы байланыс жақсы жолға қойылған. Одан бөлек, арнаулы HR желісі құрылған, ол қашықтан жұмыс істеу кезінде туындаған барлық мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді. Апта сайын компанияның топ-менеджменті қатысатын тікелей эфир тұрақты түрде ұйымдастырылды, онда әртүрлі функциялар мен бағыттардың жұмысы туралы нақты уақыт режимінде біліп, негізгі мәселелерді талқылау, ТЖ режимі кезіндегі қызметтерді қорытындылау мүмкіндіктері болды. Сауалнама деректеріне сүйенсек, Beeline қызметкерлерінің 63%-ы өзінің психологиялық жағдайын өте жақсы деп бағаласа, 23%-ы өзін жақсы сезінеді, ал 14%-ы карантин және ТЖ режиміне байланысты алаңдайды екен. 
 
«Beeline 13 наурызда елімізде алғашқылардың бірі болып қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіре бастады. Бізге індет кезінде әріптестеріміздің денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды болды. Бірақ, үйден жұмыс істеудің кемшілігі – «сүйеніштің» жоғалуы, яғни адамдардың өзін ұжымнан ғана емес, бүкіл әлемнен ажырап қалғандай сезінуі, біз, екі күнде «Антивирус КарантиндеЖЖӨС» қолдау бағдарламасын жасап, іске қостық. Бұл - әртүрлі вебинарлар, қызығушылықтарға қарай құрылған топтар, бірлескен спорт марафондары, СЕО және топ-менеджментпен апта сайын, күн сайын кездесу, қызметкерлер балаларымен, сондай-ақ отбасының басқа мүшелерімен қатыса алатын байқаулар болды. Көңіл бөлу мен жылы сезім қазір бәріне керек, осындай әрекеттердің арқасында ұжымымыздың ынтымағы ажырамағанын, әлі де белсенді екенін мақтан тұтамыз», - деді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.
Beeline қызметкерлері ұйымдастырған белсенділіктерден бөлек, компания сырт мамандардың да көмегіне жүгінді – апта сайын әртүрлі тәлімгерлер мен ынталандырушылардың ведбинарлары өтіп тұрады. Психологиялық қолдау да маңызды аспект болды – барлық қызметкер психологпен онлайн-кездесуге қатыса алады. 

Қазір Beeline қызметкерлерді жұмысқа қабылдап жатыр. Компанияға ІТ мамандар (бағдарлама жасаушылар, сарапшылар, кодерлер), колл-орталығының мамандары, сондай-ақ корпоративті клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер қажет. Өңірлердегі бос жұмыс орындарының толық тізімімен мобильді оператордың ресми сайтындағы «Мәнсап» бөлімінде танысуға болады. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz